ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КІТАП КӨРМЕСІ «СОҒЫССЫЗ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ ӘЛЕМДЕ!»
4-5 мамырда каворкинг-орталықта «Соғыссыз қандай жақсы әлемде!» атты Жеңіс күніне орай, кітап көрмесі жұмысың бастады. Көрмеге қойылған кітаптар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңес жауынгерлерінің қаһармандық пен батылдығы, жерлестеріміздің ерлегі, фашизмді жеңуге өз үлестерін қосқан тыл еңбеккерлері туралы баяндайды.Көрмеде соғыс туралы көркем шығармалармен, оның ішінде Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов,Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов және т.б. кітаптармен танысуға болады. Көрмеге мектеп оқушылары қатысты.