Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ауған жерінен кеңес әскерлерін шығарылуының 34 жылдығын тойлау аясында М. Әуезов атындағы мектепте білім алушыларға Ауған соғысы жайлы түсініктерін кеңейту,
20-02-2023 08:05
Ауған жерінен кеңес әскерлерін шығарылуының 34 жылдығын тойлау аясында М. Әуезов атындағы мектепте білім алушыларға Ауған соғысы жайлы түсініктерін кеңейту,

Ауған жерінен кеңес әскерлерін шығарылуының 34 жылдығын тойлау аясында М. Әуезов атындағы мектепте білім алушыларға Ауған соғысы жайлы түсініктерін кеңейту, ержүрек Ауған соғысының ардагерлерімен таныстыру, тарихи естелікті сақтау, адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Ауғанстан менің жан дүйемнен орын алды» атты іс-шара болып өтті.

Оқушыларға Отан алдындағы адалдықтары мен әскери жолдары үлгі ретінде іс-шара қонақтары Булатов Дулат Баткулович, Букурубов Валихан Сартаевич, Заварчук Алексанрович алыс Ауғанстан жеріндегі қатал әскери қызметтері туралы, душмандармен қақтығыста ерлікпен қаза тапқан әскери жолдастары туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

Ауған соғысының ардагерлеріне арнап жоғары сынып оқушылары мен мектеп педагогтары Абишев Ерболат Мухтарович пен Козыбаков Мейрам Толегенович өлеңдер оқып, ән шырқады.

Мектебіміздің ұстазы әскери-интернационалист Тыштыков Рустам Нажмиденовичтің атқыш қарулар түрлері туралы әңгімесі қызықты болды.
Әскери Даңқ мұражайынан алынған «Муха» әскери атымен белгілі, атақты РПГ-18 граната атқыш оқушыларыдың ерекше қызығушылығын оятты.

Ауғанстан соғысы жайлы бейне клиптер, фотоқұжаттар жиналғандарды бей жай қалдырмады.

Іс-шараның шарықтау шегі 10 сынып оқушыларына, болашақ отан қорғаушыдарға, салтанатты түрде шақырылым куәлігін табыстау болды.

Ауған соғысы тарих қойнауына кетті. Алайда ол адам жадында ұзақ сақталады. Себебі, бұл соғыс солдаттардың қанымен және аналардың көз жасымен жазылды.