Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Мұхтар Әуезов мектебі бірқатар іс-шаралар өткізді.
08-03-2024 17:55
8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Мұхтар Әуезов мектебі бірқатар іс-шаралар өткізді.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Мұхтар Әуезов мектебі бірқатар іс-шаралар өткізді.

Мектеп фойесінде оқушылардың қолымен жасалған және мерекеге ерекше рең беретін түрлі-түсті «Анашым, сізге ең әдемі сыйлық!» атты гүлдер көрмесі ұйымдастырылды.

Оқушылардың дәстүрлі мерекелік «жанды дәлізі» таңертең мұғалімдерді көңілді музыкамен және құттықтаулармен қарсы алып, баршасына күні бойына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Педагогикалық ұжымның ер азаматтары оқушылармен бірлесе отырып «Әйел - әлемнің шуағы!» атты мерекелік концерттік бағдарламасын ұйымдастырды. Жиналған нәзік жандыларды әсем әндермен, өлеңдермен және көтеріңкі билермен қуантты.

Оқушылар бұл күні аналары, әжелері мен әпкелері туралы да ұмытпай, оларға да шын жүректен құттықтау хаттарын жіберді.

«Арулар асыл жандар!» сынып сағаттарында оқушылар халықаралық әйелдер күнінің пайда болу тарихы туралы айтып, викториналарға, байқауларға қатысып, аналар, әжелер мен мұғалімдерге өлеңдер, әндер арнады.

Мектеп іші көктемгі мерекелік көңіл-күйге толы болды!