Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлігінің пәндік апталығы аясында белгілі қазақ жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бір
17-03-2024 09:40
Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлігінің пәндік апталығы аясында белгілі қазақ жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бір

Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлігінің пәндік апталығы аясында белгілі қазақ жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Әдеби-сазды кештің негізгі мақсаты: Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығын насихаттауға, оқушылардың ой-өрісі мен шығармашылық қабілеттерін кеңейтуге бағытталған.

Іс-шараға қатысушылар жазушының шығармашылығын таныстырып ғана қоймай, «Домбыра», «Біздің дәуір», «Қайықтағы жел», «Бозторғай» атты әйгілі өлеңдерін жатқа оқып,көрермендердің назарына «Сәкеннің соңғы күндері» пьесасын ұсынды.

Әдеби-сазды кеш Сәкен Сейфулиннің «Тауларда» әнімен аяқталды. Осы әнді қатысушыларға Иса Байзақов атындағы Павлодар мемлекеттік облыстық филармониясының шақырылған қонағы Мағжан Ысқақ сыйға тартты.