Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Көктемгі демалыс күндері Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 2 Б және 2 Е сынып оқушылары № 2 қалалық кітапханаға барды.
29-03-2024 16:31

Экскурсияның негізгі мақсаты - оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы мен ұқыптылығын қалыптастыру, оқуға баулу, кітапхана кеңістігін шарлау қабілетін дамыту.

Кітапханашы Г.К.Кенесбаева жас оқырмандарға кітапхана не үшін қажет екенін айтып, құнды білім көзі болып табылатын кітаппен жұмыс істеу ережелерімен таныстырды.

Ойын тапсырмалары: «Кітап нені ұнатады?», «Жеделхат кімнен алынды», «Пазлды жина» балалардың қызығушылығын тудырды.

Іс - шара «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» мектеп жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.