Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Көктем аруы»
14-03-2011 09:30
«Көктем аруы»

 

Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін тойлау әр мекемеде дәстүрлі орын алған. Бәріміз де ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өніп келеміз. Құрметтесек, Ананы құрметтейік дегендей, биылғы мерекеде мектебізде «Көктем аруы »  сайысын ұйымдастырдық. Сайысқа Ленин кентіндегі №33 орта мектептен Меруерт Алиханова, №15 бала-бақшадан Әсел Бопышева, №32 мектептен Анар Әубакірқызы қатысып, бақ сынасты. Өзін-өзі таныстыру, Өнер жарысы, Ұлттық киім, жүріс-тұрысы, ою-өрнек жарысы, тәтті тағам, халықтар биі жарыстарынан бір-бірінен оза шапқан сайыскерлеріміз әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап айта білді. Білікті де білімді, ақылды да парасатты, көркем де көрікті қыздардың өнерлерін  мектеп директоры Т.Ж.Ашжанов,  кент әкімінің орынбасары Ш.С.Жабықов, полиция аға  лейтенанты

 Н.Е. Бастемировтардан тұратын әділқазылар алқасы сынға алды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын  бұл сайыста  бас жүлдені бала-бақша тәрбиешісі Әсел Бопышева қоржынына байлады. Сайыскерлерді мараппаттап, бағалы сыйлықтармен мадақтауға демеушілік жасаған Ленин кенті әкімшілігі болды.