Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 31-87-43
email: sosh32@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Ленин к., Панфилов көшесі 65
65-31-22, 31-87-43
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі: 15:00-18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Балалар дән риза!
06-07-2010 18:00

Балалар дән риза!

Еліміздің Егемендік алып, өз бетінше қарқындап дамуы-болашақ ұрпақтың тәрбиесіне сапалы нәтижесін қалдырып отыр.Олай дейтін себебіміз-Астана қаласының туған күніне орай ұйымдастырылған «Дельфиндер ШОУ-ы» бағдарламасын жақында Павлодар қаласының мектептеріндегі тұрмысы төмен отбасылардан, көп балалы отбасынан, жағдайы нашар отбасынан шыққан балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар тамашалады. Сонау Мәскеу қаласынан арнайы әкелінген дельфиндердің небір өнерлері кімді болса да таң қалдырарлық еді. Мұндай кереметті өз көздерімен көрген № 32 мектептің кішкентай көрермендері әлі күнге дейін сол тамашаны ауыздарының суы құрып айтуда. Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасының балаларына бұл кереметті сыйға тартып, тегін көрсетілім ұйымдастырған Қалалық әкімшілік пен Қалалық Білім бөліміне айтар алғысымыз шексіз. «Жетім көрсең жебей жүр...» демекші, бұл жағдайда мәрттік танытқан азаматтар мен азаматшаларға барлық мектеп бүлдіршіндері атынан алғыс айтамыз!