Мамандық таңдау-маңызды қадам
19 сəуір - Ленин кенті Жаяу Мұса втындағы мəдениет үйінде 《Мамандық таңдау-маңызды қадам》 тақырыбында Павлодар қ. 32 ЖНББ мектебі əкімшілігінің ұйымдастыруымен қалалық семинар өтті. Семинарға арнайы шақырылған қаланың 18 колледждары мен 30,31,32,33 мектептерінің түлектері, ата-аналары қатысты. Жақын арада мектеп бітіргелі отырған түлектерге дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында өткен семинар соңында білім ұйымдарына 《Ризашылық сертификаты》 тапсырылды.