Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» жазғы лагері
27-07-2023 12:37
«Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» жазғы лагері

«Көшбасшы турист, эколог, өлкетанушы» жазғы лагерінің қорытынды күніне де келіп жеттік. Қатысушыларды көздерінде осы күндері көрген-білгендерінен қуаныш пен ләззат, қоштасатын уақыттың келгенінің мұңы да бар. Лагерь бағдарламасы қызықты оқиғалар мен танымдық экскурсияларға, радиалды шығуларға, шеберлік сағаттарына толы болғаны сонша, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін байқамай қалдық. Лагерьде не болғаны, олардың сапарлары туралы, бүгінгі жетістіктері жайлы қатысушылар «Бір отрядтың тарихы» шежіресін қорғау жобасында анық байқалды, ал «Нағыз көшбасшылардың картотекасы» қорытынды іс-шарада әр қатысушы диплом және сертификаттармен марапатталды. Лагердің жабылу салтанаты аяқталды... Қош бол, Көшбасшы! Келесі кездескенше!