Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Күрделілігі 1-ші санаттағы тауға жорық
17-08-2023 15:45
Күрделілігі 1-ші санаттағы тауға жорық

6-12 тамыз аралығында Экология және туризм орталығының «СЮТур» БАК «Пирамида» және «Вершина» туристік клубтарының ұлттық құрамасы Солтүстік Тянь-Шаньда күрделілігі 1-ші санаттағы тауға жорық жасады. Топ үлкен және әр түрлі жастағы, 11 мен 38 жас аралығындағы 22 қатысушы шыңдар мен асуларды бағындыруға аттанды. Барлығы 90 км жүріп өттіп, екі категориялық асу (Титов асуы 3630 м, 1А, Туристер асуы 4000м, 1А), Титов шыңына (3850м, 1В), екі санатты емес асудан (үлкен Талғар асуы 3163м, Алматы-Алагир 3400 м) шықты. Сол Талғардың аузы әбден шайылып кеткен. Соңғы жылдары жиілеп кеткен сел рельефін танымастай өзгертті, ұзаққа созылған нөсер топырақты ұшыратты. Өзен аңғарына түсу, тік болғандықтан өте ұзақ болып шықты. Топ мүмкіндігінше сел қаупі бар аймақтардан тез өтуге тырысты. Жиырма екі адамның ішінде жорыққа алғаш барғандар да болды. Аға мүшелері оларды өз қарамағына алып, өздерінің жолдағы кедергілерді қалай жеңу керектігін көрсетіп, су өткелдерінде лай беткейлерге құлатпай қол ұшын берді. Ауа-райы жақсы болмады. Сапар жасалған апта бойы жаңбыр жауып, жігіттер екі рет бұршақ астында қалды. Бірақ олар берілмеді! Біз барлық жолды жүріп өттік, осындай қиын, бірақ қажетті әсерлер алып, көмек пен өзара көмек көрсетуге қабілетті екенімізді, кез келген жағдайда көмек қолын созуға дайын екенімізді көрсеттік. Әрине қиын болды. Бірақ барлық кедергілерді жеңіп шыққан топ эмоционалды өрлеумен, ұмытылмас әсерлермен оралды! Бұл біздің тәрбиеленушілердің бірінші және соңғы да жорығы емес, біз оларға таусылмас қуат пен биік шыңдарды тілейміз.#қосымшабілімберу