Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жүгіруден бағдарлаудан Қазақстан Республикасының Кубогы
28-09-2023 10:26
Жүгіруден бағдарлаудан Қазақстан Республикасының Кубогы

2023 жылғы 21-25 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жүгіруден бағдарлаудан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Жарыстарда Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан командалары қатысты, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай аймағы. Павлодар облысының құрамасының абыройын «СЮТур» БАК «Эдельвейс» және «Вертикаль 14» туристік бірлестіктерінен 15 оқушысы қорғады. Байқауға оқушылармен бірге Экология және туризм орталығының педагогтары Дьяченко Оксана Владимировна мен Кремер Сергей Владимирович, сонымен қатар ата-аналар Кузина Светлана Олеговна, Кузин Юрий Юрьевич қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша орта қашықтықта Кузина Лучезара 1-орын, ұзақ қашықтықта 3-орын иеленді. Кузин Добромир – 2 орынды орта қашықтықта, 2 орынды ұзақ қашықтықта және 3 орынды “спринт” қашықтығында алды. Кузин Лев – орта қашықтықта 2 орын, Клементьева Амина – 3 орын орта қашықтықта, Дарья Виткова – ұзақ қашықтықта ІІІ орын және «спринт» қашықтықта ІІІ орын. Барбашин Данил – 3 орын алыс қашықтықта, Егор Лоскутников – спринт қашықтықта 3 орын. Ата-аналар да жүлдегер атанды: Кузина Светлана Олеговна – ұзақ қашықтыққа ІІІ орын және спринттік қашықтыққа ІІІ орын, Кузин Юрий Юрьевич – ІІІ орын спринт қашықтықтығында. БЖЭТО педагогтері: Дьяченко Оксана Владимировна, барлық қашықтықта абсолютті жеңімпаз атанды. Орта қашықтықта 1 орын, ұзақ қашықтықта 1 орын, спринт қашықтықта 1 орын, Сергей Владимирович Кремер – орта қашықтықта 2 орын, ұзақ қашықтықта 2 орын, спринт қашықтықта 2 орын. Қатысушыларға, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сәттілік пен келесі жарыстарында қолайлы ауа-райын тілейміз.