Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысу туралы
03-10-2023 16:51
Республикалық үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысу туралы

 

Республикалық үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысу туралы

 

29 қыркүйек күні Орал қаласында туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы ұйым басшылары мен орынбасарларының  республикалық үйлестіру кеңесі кеңейтілген отырысын өткізді.

Отырыс бағдарламасының мазмұнында аймақтардағы балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетануды әрі қарай дамыту мәселелері мен перспективалары, туристік-өлкетану қызметінің нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, өскелең ұрпақ пен жастардың рухани жаңғыру сұрақтары қарастырылды.

Кеңес жұмысының көлемінде қатысушылар үшін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім беру басқармасының  «Облыстық экологиялық-биологиялық орталық» МҚКК, С.И. Исаев атындағы халықаралық эксперименталдық коллекциялық тәлімбағы, Е. Пугачев атындағы музей-үйі, Батыс Қазақстан тарихи-мәдени музейі, А.С.Пушкин музейі бойынша шолу және тақырыптық экскурсиялары өтті.

Кеңес жұмысына Павлодар делегациясы құрамында Павлодар облысы білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» КМҚК басшысы Жанна Каиргелдіқызы Темирова, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Зауре Елубайқызы Сарбасова қатысты.

Кеңес өз жұмысын конструктивті пікір алмасу және ұсынымдарды қабылдаумен аяқтады.