Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Менің Отаным Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының Республикалық слеті
04-10-2023 17:02
«Менің Отаным Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының Республикалық слеті
Қыркүйектің 28-і мен 29-ы аралығында, Орал қаласында «Менің Отаным Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтарының Республикалық слеті өтті. Кездесуге Қазақстанның барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 20 құрама қатысты. Павлодар облысының құрамасын 9 адамнан құраған, экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогы Кенжин Рустам Айтанұлы жетекшілік етті. 
Слет үш блок бойынша өтті. Өлкетану блогы бойынша «Халық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері» аталымы бойынша Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы орта білім беретін мектеп-интернатының оқушысы Қанаш Ернұр қатысты. «Туризм – спорт, сауықтыру, демалыс» аталымы намысын – «Искра» туристік клубының тәрбиеленушісі Екатерина Воробьева қорғады. Туристік аталымының намысын “Искра” туристік клубының тәрбиеленушілері Герасько Александр мен Имангазина Асем, Франк Светлана, Артамонова Элина қорғады. “Жарға шығу” аталымының үздіктері атағы үшіш Логвиненко Всеволод пен Милана Кривошеева бақ сынасты. Шығармашылық аталымының туристік әндер сайысында #41 мектебінен Биянова Даниля қатысты. Барлық аталымдарды өту қорытындысы бойынша “Павлодар” құрамасы үшінші орынды иеленді. Барлық  қатысушылар мен Рустам Айтанұлын керемет нәтижелермен құттықтап, алдағы уақытта жетістіктер тілейміз.