Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Мектеп музейлері: рухани адамгершілік тәрбиесіндегі заманауи технологиялары мен үлгілері» аймақтық оқу-тәжірибелік семинары өтті.
24-10-2023 17:12
«Мектеп музейлері: рухани адамгершілік тәрбиесіндегі заманауи технологиялары мен үлгілері»  аймақтық оқу-тәжірибелік семинары өтті.

2023 жылғы 24 қазан күні «Павлодар қаласы білім бөлімі»  ММ,  «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы»  КМҚК-мен бірлесіп ұйымдастырған  «Мектеп музейлері: рухани адамгершілік тәрбиесіндегі заманауи технологиялары мен үлгілері»  аймақтық оқу-тәжірибелік семинары өтті.Пленарлық бөлімде оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі басшының орынбасары Зәуре Елубайқызы Сарбасова қатысушыларды қарсы алып,  БЖЭТО қызметінің мазмұны жөнінде сөз сөйледі. Музейлік педагогика бағытындағы жұмыс тәжірибесімен Орталықтың өлкетану бөлімінің меңгерушісі Жулдыз Жанатқызы Машкентаева, Оқушылар сарайы музейінің жетекшісі Бахыт Сағантайқызы Аралбаева, өлкетану тәжірибелерін ұйымдастыру туралы қосымша білім беру педагогы Динара Мрзақанқызы Бектасова бөлісті. Барша қатысушылар үшін жас өлкетанушылардың қатысуымен «Жас эколог», жылыжай бойынша «Экскурсиялық променад» тақырыбында жергілікті экскурсиялары жүргізілді. Орталығымыздың әдіскері Петрович О.В. жетекшілігімен өткен «Музейтану» білім беру  кластері педагогтардың ерекше қызығушылығын тудырды.  Семинардың жұмысына Павлодар, Май, Успен, Железин, Ертіс, Баянауыл, Тереңкөл, Шарбақты, Екібастұз аудандары мен Павлодар, Ақсу , Екібастұз қалалары білім беру ұйымдарының 60 астам педагогтары қатысты. Семинар бағдарламасының мазмұны тыңдаушылар тарапынан жоғары бағаланды.