Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Туристік көпсайысы бойынша Павлодар облысының ашық чемпионаты
20-02-2024 16:55
Туристік көпсайысы бойынша Павлодар облысының ашық чемпионаты

16-18 ақпан күндері аралығында Екібастұз қаласында туристік көпсайысы бойынша Павлодар облысының ашық чемпионаты өтті (жабық ғимараттағы тау туризмі). Жарысқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Қарағанды және Семей қалаларынан 130 спортшы қатысты. Командалар үш жас тобында бақ сынасты. Бұл топтардың кейбіреулері қашықтықтардың күрделілігіне байланысты кіші топтарға бөлінді: А, Б және С. А класы бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысатын облыс құрамасы іріктелді.
Павлодар қаласының делегациясын "Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының "СЮТур" БАК туристік клубтарының құрамасы, жетекшілері: Ридзаускене Ирина Валерьевна, Ридзаускас Владислав Юрьевич, Агалаков Сергей Николаевич және "Искра" клубы, жетекшісі Кенжин Рустам Айтанович ұсынды. Чемпионатта біздің командалар 48 алтын, 30 күміс және 29 қола медал жеңіп алды. Біздің тәрбиеленушілер мен педагогтарды – Ирина Валерьевна, Рустам Айтанұлы, Владислав Юрьевич, Сергей Николаевичті жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз, одан әрі жеңістер тілейміз!