Телефон доверия
email: ekotyr@goo.edu.kz
Адрес: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Табиғат әлемі
07-02-2017 04:09
Табиғат әлемі

Табиғат әлемі

Қаңтар айында оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту мақсатында«Құпиялы және танымал әлем» жобасы көлемінде экологиялық-биологиялық бағыттағы балалар бірлестіктерінің оқушыларына арналған қызықты және танымдық іс-шаралары өткізілді.

«Гүлдер ғажайып әлемі» зияткерлік-танымдық шарасы барысында  орта буын оқушылары жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, ақындар сайысы кезінде және дизайнерлер ретінде өз шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

«Қорық соқпақтары» экологиялық саяхаты балаларды табиғат әлемін қорғауға, оның әр адамның өмірінде маңыздылығын ұғынып, табиғи қорлардың сақталуына қатысты екенін түсінуге баулиды.

Оқушылар ойындар, викториналар мен сайыстардың көмегімен Қазақстан және Ресей елдерінің қорықтарымен танысты.

Сонымен қатар, ай көлемінде Павлодар қ. №33, 28, 16 жалпы орта білім беру мектептері, «Балалар туберкулезге қарсы санаториі» ММ, Орталық балалар бірлестіктері оқушылары үшін жылыжай бойынша экскурсиялар жүргізілді. Қонақтар абутилон, колерия, тағы басқа өсімдіктердің гүлдеп, лимон, фортунелла, кофе және гранаттың жеміс беруін көре алды.