Сенім телефоны
email: ekotyr@goo.edu.kz
Мекенжайы: ул. Потапова, 7
8 (7182) 33 30 24 приемная 8 (7182) 62 46 24 руководитель
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Каждый понедельник месяца с 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Табиғат жас қорғаушылары
09-04-2019 16:55
Табиғат жас қорғаушылары
     9 сәуір күні Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының саябағында жыл сайынғы «Қанатты достар» акциясы өткізілді. Оның ұйымдастырушылары  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, «Қазақстан алюминиі» АҚ болды. Акцияны өткізу мақсаты – оқушыларды құстарды қорғау және қамқорлық жасау бойынша, біздің өңірде мекендейтін, табиғатты қорғау қызметіне қатыстыру болды.
     Үйшіктерді ілу бойынша қалалық акцияға «Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы» МҚКК балалар бірлестіктері мен аймақтың білім беру ұйымдарының 240-н астам оқушылары (№ 32, 7, 29, 12, 14, 37, 9, 34, 4, ЖОМ,  №20   лицей-мектебі, Кенжекөл, Жетекші ЖОМ, облыстық арнайы  жалпы  білім беру мектеп-интернаты, № 4 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты) қатысты. Акция қатысушылары орталық және «Қазақстан алюминиі» АҚ-ң грамоталары және жүлделерімен марапатталды.