Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
толеранттылық күніне арналған бастауыш топта татар тілінен «Шаңырақ» атты ашық сабақ өткізді
22-11-2013 03:54
толеранттылық күніне арналған бастауыш топта татар тілінен  «Шаңырақ» атты ашық сабақ өткізді

 

17.11.13ж күні ҚББМ Серажетдинова М.Н толеранттылық күніне арналған бастауыш топта татар тілінен  «Шаңырақ» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақта өздерінің шығармашылық қасиеттерін, сөздікпен жұмыс істей алатындығын, интербелсенді  тақтамен жұмыс  істей алатындықтарын , белсенді әдістермен жұмыс істей алатындықтарын, берілген тақырып бойынша өз ойларын ашық айта алу қасиеттерін ата-аналарына және келген қонақтарға көрсете алды.  Ата-аналар балаларының этно және полимәдени дамыту процессіне белсенді араластырғаны үшін мұғалімге үлкен алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді.

17.11.13ж күні, мектепте алғашқы президент күніне арналған  жалпымектепішілік «Бейбітшілік ұраны» атты флешмоб өтті. Флешмобқа мұғалімдер мен 100-ден аса оқушылар қатысты.  Көтеріңкі көңіл күй, музыкалық композиция, көрермендер мен ТВ-24 телеканалынан келген қонақтар ассамблея жастарына ерекше күй мен нұсқама Қазақстанның жаңа форматында  бағдар беріп көтермеледі.

Осындай іс-шаралар балалардың бейбітшілік рухы мен түсінігін дамытуға және бекітуге мүмкіндік береді. Алға қойылған мақсаттарға жету мен бірлігі жарасқан ел болу, қоршаған әлеммен жан үндестігінде болуды Достық үйі аумағында оқушыларымыз  көрсете білді. 

 

17.11.13ж күні «Бейбітшілік ұраны» флеш-мобында мектеп қонақтары болып В.Катаев атындағы облыстық Оқушылар Сарайының жас корреспонденттері қатысып , өз құрдастары жайлы жақсы пікір айтып кетті. Олар: Данияр, Актияр және Самал.