Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған көркем оқу байқауы
11-12-2013 09:24
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған көркем  оқу байқауы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған көркем  оқу байқауы

   2013 жылғы 8 желтоқсанда Достық үйінің мәжіліс залында Қ.Б. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің мәдени бөлімшелері оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған көркем оқу сайысы өтті. Сайысқа 16 этно-мәдени бөлімшенің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Қатысқан оқушылар саны 79. Оқушылар мемлекеттік және орыс тілдерінде туған жер, ана және Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы көркем өлеңдер оқып, басқа да өнерлерімен: әнмен және бимен, ұлттық киім үлгілерімен жиналған қауымды тамсандырды. Ерекшелене білген қатысушылар «Атамекен», «Шабыт», «Майталман», «Қайнар», «Жас қанат», «Оригинальность» номинациялары бойынша құрмет грамоталарымен, қалған қатысушылар грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сайысқа Ұлттық жаңғыру мектебінің директоры Е. Айтқұлов төрағалық етті. Сондай-ақ тілдерді дамыту басқармасының, білім беру бөлімінің мамандары қатысты.