Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: shkolanv@mail.ru
Мекенжайы: 1 май к-сі 35/1
ж.т.301208,328169,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00.-13.00.; 14.00.-18.00. кроме понедельника
Тілдер мерекесі құтты болсын!
19-09-2019 16:37
Тілдер мерекесі құтты болсын!

Біздің мектебіміздің педагогтары мен тәрбиеленушілеріміз Тілдер мерекесі қарсанында келісім шарт аясында мектептердің шақыруымен түрлі шараларға белсенді қатысып жүр. Жуырда өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталығында болып, қазақ және поляк ұлттық бөлімшелерінің педагогтары балаларға тіл, Отан, туған жер жайында сұхбат жүргізіп, кездесу өткізді. Поляк бөлімшесінің тәрбиеленушісі Райзер Каролина( көркем оқу байқауының жүлдегері) поляк тілінде өлең оқыды, Алия Әбішқызы домбырамен ән орындап, балаларға әр түрлі халықтардың әуенін ойнап берді. Ал Польша елінен келген педагог Мария Дронг өз тарапынан өз елі мен Қазақстан арасындағы достық туралы әңгімелеп берді, балалар өз сұрақтарын қойып, өнерлерін көрсетті. Кездесу жылы, танымды да тартымды өтті.