Сенім телефоны
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
1 қыркүйек білім күні
01-09-2021 23:12
1 қыркүйек білім күні

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, қадірменді қонақтар!

1 қыркүйек - Білім күнімен  жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын.1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын,  және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Бүгін біздің №34 балабақшамызда,білім күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті.Балаларымызда қуанышты.Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді:Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие.Биылғы жылдың ерекшелігі - ҚР білім беруді дамытудың 2021 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада баршамызға білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктелді. Сондай - ақ, мемлекеттік бағдарламада педагог беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінген. Еңбекақыны өсіру, тәрбиеші,мұғалімнің имиджін арттыру, біліктілігін көтеруге іс - шаралар жоспарланған. Өткен оқу жылы - алға қойылған міндеттердің нақты іске айналып, жетістіктерге толы табысты жылы болды деп есептейміз. Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы - ұстаз деген атаққа әрқайсың да лайық болыңыздар, қымбатты ұстаздар!Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа сертін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттеркүніболсын!