Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біздің балабақшада «Әке,ана және мен – тату отбасы» отбасылық мереке өткізілді
01-11-2014 14:53
Біздің балабақшада «Әке,ана және мен – тату отбасы»  отбасылық мереке өткізілді

 

Біздің балабақшада «Әке,ана және мен – тату отбасы»  отбасылық мереке өткізілді.Барлық топтардан бір отбасынан қатысып,олар әртүрлі сайыстарға қатысты.

Мерекеміз көңілді және қызықты өтті. Әр отбасының сайыстарын көрермендер мен әділ-қазылар сүйсіне бақылады.

    Отбасылар өздерін өлең жолдарымен,тақпақтар арқылы  таныстырды. «Ғажайып қолдар» сайысында отбасылар өздерінің жасаған жұмыстарымен көрермендермен әділ-қазыларды таң қалдырды.Денешынықтыру жағынан әкелер- секіргіштен,аналар- обручты айналдыруды,ал балалар допты соғуды өте жақсы көрсетті. Мерекенің қорытынды бөлімінде сайыскерлер өздерінің шығармашылықтарын өлеңдер,билер, қызықты ойындар арқылы көрсете білді.

Мерекеге дайындалуда әр топтың ата-анасы қатысты.  

Олар отбасы газеттерінде өлеңдер мен фото суреттер арқылы өздерінің отбасы өмірлерін көрсетті.Олар: Салатов отбасы, Наливко отбасы, Василенко отбасы, Мухин отбасы,Двойнос отбасы.Өздерінің тату отбасылары туралы Валикулиндар, Пантелеевтар, Кондратюктар, Соколовтар, Ореховскилер, Закириндар отбасылары фоторепортаж жасады. .

     Аносовтар, Тюменевтер, Лидяевтар отбасылық газеттерінде мерекелері,салт-дәстүрлері жақсы көрсетілген.Әр отбасы газеттерін  керемет,мазмұнды етіп шығарған.

Мереке соңында әр отбасы сайысқа қатысқандары үшін,өздерін дарынды көрсеткендері үшін  құрмет грамотасымен марапатталды