Сенім телефоны
8(7182)606387
email: yaslisad3400@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қ., Гагарин к-сі, 63
8(7182)606387 (басшы), 8(7182)606388 (вахта), 8(7182)650602 (бухғалтерия).
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұмыс уақыты: сағ.9.00 – 18.00, түскі үзіліс: сағ. 13.00 – 14.00 Азаматтарды қабылдау: Сәрсенбі: сағ. 15.00 – 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сәбилер бақшасындағы денешынықтыру – сауықтыру жұмысының инновациялық амалдары
13-11-2017 14:36
Сәбилер бақшасындағы денешынықтыру – сауықтыру жұмысының инновациялық амалдары

   2017 жылғы 09 қараша күні сәбилер бақшасының жылдық жоспарына сәйкес «Сәбилер бақшасындағы денешынықтыру – сауықтыру жұмысының инновациялық амалдары» атты тақырыбына алғашқы семинар сабағы жүргізілді.
Логопед Анна Александровна Блинованың «Тыныс алу гимнастикасы мен қолға арналған жаттығу құрылғылары» атты өзінің сөз сөйлеуінде балалармен күнделікті сабақ кезінде тыныс алу және саусақ гимнастикасының орындау маңыздылығы туралы баяндады. Жаттықтыруға арналған дұрыс мұрынмен тыныс алу және тереңдетілген демді шығаруды қалыптастыруда әртүрлі жаттығуларды, атап айтқанда «Көбелектер», «Аквариум», «Көңілді адамдар», «Жаңбырлы күн», «Ара гүлге қонды», «Жеңілтек- бақа», «Инелік» және т.б. көрсетіп шықты.
Тәрбиешілер үшін су-джок массаж добымен жаттығулары «Бұл шар қарапайым емес», «Тікенді кірпі», «Біз нан пісіреміз» ерекше қызықты болып көрінді. Берілген жаттығулар өлең мәтінімен қоса айтылып және қол моторикасының дамуына бағытталды.
 Денешынықтыру нұсқаушысы Жанар Жұмажанқызы Байсүгірова мектепке дейінгі балалар үшін сауықтыру ойындары туралы айтып берді.Педагогтардың назарына бірқатар ойындар сериясы ұсынылды, бұл ойындар қарқынды интеллектуалды жүктемелердің әсерінен туындаған шаршаудың алдын алуға арналған ойындар болып табылады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші», барлық ұжыммен бірлесіп «Құтан», «Құлақ», «Парашютисттер», «Алыптар» және т.б. ойын ойнап, көңіл көтердік.
 Тәжірибелік материал су-джок терапиясы бойынша сәбилер – бақшасының білім беру – тәрбиелеу процесіне енгізілуде. Келесі семинарлық сабақтың тақырыбы «Балалар йогасы».