Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Басшының беті

ПАВЛОВСКАЯ НАТАЛИЯ АЛЕКСЕЕВНА

Педагогикалық қызметін Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығында 2008 жылдың 10 наурызында  директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметінен бастады, ал 2009 жылдың 3 қыркүйегінен Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығында  директор болып жұмыс істейді. Педагогикалық қызметі 30 жылдан асады.

Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығындағы  жұмыс кезінде Наталия Алексеевна өзін іскер басшы ретінде көрсете білді және қала деңгейінде қайта құрылған қосымша білім беру  мекемелерінің даму үрдісін аша білді. Басшы ретінде ББУҚШО алдына қойған мақсаттарын дәйіптеп шешеді.

Наталия Алексеевна өз қызметінде және ұстаздар, Орталықтың балалар клубтарының басшыларымен жұмысында, мемлекеттік тәрбие бағдарламасының қазіргі талабын ескеріп, білім мен нығайған тәжірибесінің, креативтік жолдарын пайдаланады. «ББУҚШО-ұйымдастырушы-ұстаз-жалпы білім беру мектебі», «ББУҚШО-жалпы білім беру мектебі-балалардың бос уақытын қамту клубы» инновациялық модульдері құрылған. ББУҚШО-да сабақтан тыс уақыттағы  қала оқушыларының бос уақытының қамтылуы 40% құрайды. ББУҚШО баспасөз орталығы жаңадан қалыптаса бастады, нәтижесінде  облыс және қала бұқаралық ақпарат құралдарында ББУҚШО 30-дан аса көрнекті тәрбие қызметі ақпараттандырылды.

Павловская Н.А - «Ребята нашего двора» ұзақ мерзімді жобасының авторы. Осы жоба үшін 2012 жылы қараша айында  республикалық дипломмен марапатталды. 2012 жылы желтоқсан айында «Крылатые качели» бағдарламасы халықаралық   диплом алды. 2013 жылдан ББУҚШО  «Равнение на флаг» жобасы Павлодар облысы білім басқармасымен                       облыс деңгейінде жүзеге асырылуда.

      Павловская Наталия Алексеевна педагогикалық қызметкерлер мен мекеме қызметі  кемшілігінің себебін  уақытында ашып, ебін табады. Наталия Алексеевна өз білімін жетілдіріп тұрады, өз жұмыс тәжірибесін қала мектептері және мектептен тыс мекемелер, ББУҚШО жас мамандарымен алмасады. Облыстық ПМБАИ штаттан тыс лекторы. 2003жылдан  Павлодар қаласы сайлау комиссиясының мүшесі.

Республикалық РУМЦДО, қалалық тілдерді дамыту және  мәдени бөлімінің, облыстық ПМБАИ, Павлодар облысы балалардың құқығын қорғау бойынша департаментінің  дипломы және алғыс хаттары бар.