Жас маманға 10 кеңес
1.Мұғалімдік еңбек жолындағы алғашқы қадамың шәкiрттiң оқуға деген ынтасына мән беруден басталады.
2. Есiңде болсын өзiң жалындай бiлсең, басқаның көңiлiн, ынта ықыласын оятасың.
3. Iлiм жолындағы ұстанар тағылым алған бiлiмiңдi таным түсiнiгiнде жүзеге асыру, оны тiршiлiкте үйлесiмдi қолдану мұғалім үшiн өмiрлiк шарт деп қарағаның жөн.
4. Ой азабын кешпей бiлiм бойға дарымайды. Былайша айтқанда қойылған мәселенің шешiмiн шәкiрт өзi тапсын, ойлансын, толғансын. Iзденiс маңдайға тисе ғана бiлiм санаға сiңедi, ұғым түсiнiкке ұйтқы болады. Оқығанды көңiлге тоқудың арнасы ашылады. Мұны ой еңбегiнiң күрделi күрмеуiнің шешудiң кiлтi деп бiл.
5. Оқушыға қойылатын талап оның дамуындағы ақиқат шындықпен iштей бiрлiк тауып, үйлесiмдi болса ғана сiз жүргiзген тәлiм-тәрбие нәтижелi болады.