Сенім телефоны
55-98-37
email: sad27@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Жәшһүр Жүсіп көшесі, 27/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балабақша туралы

  

Біз туралы  

"Павлодар қаласының №27 сәбилер бақшасы- Дамыту орталығы" КМҚК- нда мектепке дейінгі  оқыту мен тәрбиелеу жан - жақты дамыған, жеке тұлғаны дамытуда барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Мекеменің материалдық - оқу базасы  жоғарғы деңгейде жабдықталған,  мұнда медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет, спорттық –хореографиялық, ән – күй залдары, ағылшын және  бейнелеу кабинеттері бар.

 Топ бөлмелері заманауи модулдік жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтылған.

Балабақшада мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ағылшын тілі,  би сабақтарын жүзеге асыру бойынша авторлық бағдарламалар құрастырылған

Денсаулық сақтау саласында:бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, дене шынықтыру, ән-күй залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған.

Баланың  жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу.

Әлеуметтік салада:баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған.

Басқару саласында:мекемеде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Оған педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс - әрекет тәсілдерін меңгеру мен жалпылау жоспарланған.