Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің мектеп

МЕКТЕП ТУРАЛЫ

 

Павлодар қаласының №2 мемлекеттік жалпы орта білім беру мектебі 1965 жылы 1 қыркүйекте негізін қалады.

49 жыл жұмысында осы оқу орнын 6 412 оқушы бітірді. Түлектердің 18-і үздік, 8-і медальмен бітірді.

Бүгінгі күнде мектепте 776 оқушы оқиды: қазақ тілінде оқитын 24 сынып-жиынтық – 491, орыс тілінде оқитын 14 сынып-жиынтық – 285.  2007-2008 оқу жылы 1,5 параллель гимназиялық сыныптар ашылды, қазақ тілі мен биологияны тереңдетіп оқыту, сонымен қатар ағылшын тілін ерте оқыту енгізілді.

Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ПМУ, ПМПИ және ИнЕУ ресурс орталықтары арқылы бейінді оқыту жүзеге асырылады.

Мектеп педагогикалық ұжымы білім берудіжетілдіру мақсатында қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейді, саралап оқытуды жүзеге асыра отырып, денсаулық сақтауды ұйымдастыру үшін   оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасайды.