Страничка директора
Құрметті достар!
Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебінің сайтына қош келдіңіздер.
Біздің сайтымыздың беттерінде Сіздерді оқу орнымыздың тарихымен, педагогикалық ұжыммен, сонымен қатар біздің түлектерімізбен таныстырғымыз келеді. Біздің мектеп ұжымы – аға ұрпақ педагогтері тәжірибесінің, ақылының қайнар бұлағы , жас мамандардың жаңаға ұмтылуы және шығармашылық энергиясы. Қазіргі уақытта мектепте 60 педагог жұмыс істейді.
Педагогикалық ұжымның алдына қойылған міндеттерді шешу үшін, келесі тұжырымдамаларға шығамыз:
– мектеп жүйе ретінде үздіксіз дамуы керек, нәтижелі, дамыған, тұлғаға бағытталған, әлеуметтік болуы қажет;
– мектеп әлеуметтік ортаның негізгі бөлігі болып табылады. Осыдан қаланың жасөспірімдері, жастарымен байланысты барлық әлеуметтік проблемалардың мақсаттары мен міндеттері шығады;
– тәрбие - барлық білім беру процесінің маңызды құрамы.
Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында әңгіме, сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс-шаралар, тақырыптық кештер өткізеді, ана тіліне оқыту арқылы ұлттық, этномәдени салт-дәстүрлерді біліп, халқымыздың өткен тарихын құрметтеуді бойыларына сіңіреді.
Мектеп өзінің дәстүрлерімен мықты және тұрақты дамып келеді. Біз Сіздерді мектебімізде күтеміз!