Сенім телефоны
8(7182)62-87-76, 87019431780
email: sosh2@goo.edu.kz
Мекенжайы: Бұқар жырау, 9/1
8(7182)620151, 8(7182)629740
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 16.00 –ден - 18.00 –ге дейін Бейсенбі сағат 14.00 –ден - 16.00 –ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жетімдерді,ата-ана қамқорысыз қалған балаларды әлеуметті қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу

Жетімдерді, ата-ана қамқорысыз қалған балаларды әлеуметті қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу

1.    Қамқоршының жеке куәләк көшірмесі. ;

2.   Қамқоршы етіп тағайындау туралы жергілікті орындаушы органның шешімі;

3.  Жәрдемақы тағайындау үшін қойылған үлгідегі қамқоршының өтініші.

4.   Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5.  Баланың бір немесе екі ата-анасының жоқтығын  дәлелдейтін құжат көшірмесі  (өлу туралы куәлік,ата-анасын ата-аналық құқықтан айыру туралы сот шешімі,т.б.).

6.  Баланың (балалардың) тұрғылықты мекен- жайынан, қамқоршының бірге тұруы туралы анықтама;

7.  Қамқоршы атына банктік есепшот ашу туралы келісім шарт көшірмесі;

8.  Салық төлеушінің регистрациондық нөмірінің (СРН),әлеуметті арнайы кодтың (ӘАК) және арнайы идентификационды нөмірінің (АИН)к өшірмесі.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрде беріледі.

 

Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 27желтоқсандағы

№1715/27 қаулысымен

 бекітілген

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы  регламент «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»регламенті (бұдан әрі – Регламент)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы «Білім беру саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.

2.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ведомстволық аумақтағы білім беру ұйымымен көрсетіледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 7-18 жастағы азаматтарына көрсетіледі (бұдан әрі – алушы).

5. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kzресми сайтында орналастырылған.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты білім беру ұйымдарының интернет - ресурстарынан алуға болады.

7. Білім беру ұйымының жеке тегін үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

         8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

         9. Стандарттың 16 тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

10. Егер аталған білім беру ұйымында бейіндік оқыту болмаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға қала аймағында өзге жалпы орта білім беру мектептеріндегі бос орындар туралы мәліметтер беріледі.

11. Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау кезінде білім беру ұйымының басшылары мемлекеттік қызметті алушыны  ұйымның Жарғысымен және білім беру ұйымының оқыту үдерісін айқындайтын өзге де құжаттармен таныстырады.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

 (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

 

12. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың                    11-тармағында көрсетілген құжаттарды білім беру ұйымына ұсынады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар тапсырылған жағдайда, білім беру ұйымының іс қағаздарды жүргізушісі мемлекеттік қызметті тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерді көрсетумен қажетті құжаттарды қабылдап алғаны туралы қолхат береді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне келесі құрылымдық функционалдық бірліктері қатысады (бұдан әрі - бірліктер):

1) білім беру ұйымының басшысы;

2) білім беру ұйымының маманы;

15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр бірліктің әкімшіліктік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету және бірліктер үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауап береді.

Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

№1715/27қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен

 тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды

 ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы регламент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы            31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысымен бекітілген, «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметтің стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленген.

2. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет мемлекеттік білім беру мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушы) стандарттың 6-тармағына сәйкес ұсынылады.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

5.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгенітуралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ берунемесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6.Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі: белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жедел рәсімдеу қарастырылмаған.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері стандарттың                          7-тармағында көрсетілген.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалғанПавлодар қаласының жергілікті атқарушы органының қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарында көрсетіледі.

 

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

 (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

 

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушы жалпы білім беретін мектепке стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.

11. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі және қажетті құжаттар тізбесі жалпы білім беретін мектептің фойесінде орналастырылады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің қызмет көрсетуге жауапты қызметкерінен алуға болады.

12. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде алушыға стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтермен қолхат беріледі.

14. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 күн өткен соң беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.

16. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы нәтижесін стандарттың 5-тармағына сәйкес шағымдануға құқылы.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай құрылымдық функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – бірліктер):

1) білім беру ұйымының жауапты орындаушы;

3) білім беру ұйымының директоры.

18. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр бірліктің әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету және  бірліктің үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

20. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің

жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін

ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру

ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715/27

мемлекеттік қызмет регламентіне

№ 1 қосымша

 

 

Әкімшіліктік өзара әрекеттер бірзідлігі және  қатынастары (үрдістері)  мен құрылымдық - функционалдық бірліктерді сипаттау

 

Әрекеттің № (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

 

3

4

5

Жауапты тұлға

Білім беру ұйымының маманы

Білім

беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының маманы

Білім

беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының маманы

Әрекеттің (үрдістің, үдерістің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

 

Құжаттарды қабылдау, тіркеу 

 

Жауапты тұлғаны тағайындау

 

Білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты дайындау

 

Білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрыққа немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапқа қол қою  

 

Журналда тіркеу

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушы-лық - өкімдік шешім)

Құжаттардың қабылданған-дығы туралы қолхат беру

Бұрыштама

Білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық жобасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабы

Үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрық  немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабы 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын беру 

Орындалу мерзімі

30 минуттан ішінде

30 минуттан ішінде

2 сағат ішінде

 Мемлекеттік қызметтің соңғы  нәтижесін алудың  мерзімі (білім беру ұйымына қабылдаау туралы бұйрығы) 3 ай ішінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                               «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің

                                                               жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін

                                                                 ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру

                                                            ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

                                                              2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715/27

                                                             мемлекеттік қызмет регламенті № 1 қосымша

 

Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

№1715/27 қаулысымен

 Бекітілг

 

 

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

мемлекеттік қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы регламент «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» регламенті (бұдан әрі – Регламент)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы «Білім беру саласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.

2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) білім беру бөліміне ведомстволық аумақтағы білім беру ұйымдары көрсетеді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет денсаулығына байланысты уақытша немесе тұрақты түрде білім беру ұйымдарына бара алмайтын жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – алушы).

5. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.goо.kzресми сайтында орналастырылған.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты білім беру ұйымдарының интернет - ресурстарынан алуға болады.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

8. Білім беру ұйымының жеке тегін үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

 

 

 

 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден  18.30-ға дейін көрсетіледі. Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың                    7-тармағында көрсетілген.

11.Стандарттың 11-тармағымен қарастырылған құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы мемлекеттік қызметті алушыны қызмет көрсетуден бас тарту себептерін көрсетіп хабардар етеді.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

 (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

 

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар білім беру ұйымына ұсынылады.

13. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тиісті құжаттар тапсырылған жағдайда, тұтынушыға Стандарттың  14-тармағында көрсетілген мәліметтері бар барлық құжаттарды алғандығы туралы қолхат беріледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай құрылымдық – функционалдық бірліктері (бұдан әрі – бірліктер) қатысады:    

1) білім беру ұйымының басшысы;

2) жауапты орындаушы.

15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде және бірліктер әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»

№ 1715/27

мемлекеттік қызмет регламентіне

 № 1 қосымша

 

 

Әкімшіліктік өзара әрекеттер бірзідлігі және  қатынастары (үрдістері)  мен құрылымдық - функционалдық бірліктерді сипаттау

 

Әрекеттің № (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

 

3

4

5

Жауапты тұлға

Білім беру ұйымының маманы

Білім

беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының маманы

Білім

беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының маманы

Әрекеттің (үрдістің, үдерістің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу 

Жауапты тұлғаны тағайындау

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру және үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрық жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты дайындау

Үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрыққа немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапқа қол қою

Шығыс құжаттарын есепке алу журналында тіркеу

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушы-лық - өкімдік шешім)

Қажетті құжаттардың қабылдан-ғандығы туралы қолхат беру

Бұрыштама

Үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрық жобасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабы 

Үйде оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрық  немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабы 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын беру 

Орындалу мерзімі

1 күн ішінде

1 күн ішінде

1 күн ішінде

 

Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

№1715/27 қаулысымен

бекітілген

 

                 

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы регламент «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің                   2012 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен білім және ғылым саласындағы жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.

2. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ведомствоға қарасты аумақтардағы негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларына көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы).

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты білім беру ұйымдарының веб-сайттарынан алуға болады.

6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7. Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

          8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, күнделікті сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

         9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7 тармағында көрсетілген.

         10. Стандарттың 16 тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

 (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

 

11. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың                        11-тармағында көрсетілген құжаттарды білім беру ұйымына ұсынады.

12. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тиісті құжаттар тапсырылған жағдайда, алушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтері бар барлық құжаттарды алғандығы туралы қолхат беріледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай құрылымдық - функционалдық бірліктер (бұдан әрі - бірліктер) қатысады:    1) білім беру ұйымының маманы;

2) білім беру ұйымының басшылығы;

14. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр бірліктің әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

15.Мемлекеттік қызмет көрсету және бірліктер үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

16. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 2012 жылғы 27 желтоқсандағы

 «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

№1715/27 мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

 

 

Реттік және әкімшіліктік өзара әрекеттер қатынастары (үрдістері)  мен құрылымдық - функционалдық бірліктерді сипаттау

 

Әрекеттің № (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

Жауапты тұлға

Білім беру ұйымының маманы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының маманы

Білім беру ұйымының басшысы

Білім беру ұйымының маманы

Әрекеттің (үрдістің, үдерістің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу 

Құжаттарды қарастыру

Білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты дайындау

Білім туралы құжат жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты қарастыру, қол қою

Шығыс корреспонденциялар журналында тіркеу

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушы-лық - өкімдік шешім)

Қолхат беру

Бұрыштама

Білім туралы құжат телнұсқасының жобасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабы

Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабы

Білім туралы құжаттың телнұсқасын немесе мемле-кеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлел-ді жазбаша жауабын беру

Орындалу мерзімі

20 минут ішінде

1 күн ішінде

5 күн ішінде

2 күн ішінде

1 күн ішінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

 «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» №1715/27 мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша

 

Павлодар қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 1715/27 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы  лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар қаласының білім беру ұйымдары көрсетеді (бұдан әрі – білім беру ұйымы).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3.Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы                  27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының                           11)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы                       31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.

5.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарындағы күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жергілікті және республикалық бюджет есебінен тегін көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

   

8. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз білім беру ұйымдарының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.  

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7-тармағында көрсетілген.

11.Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметті ұсыну үшін белгіленген тұлғалар санаттарына сай келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

 

 

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

 (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы

 

12.Алушы мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін білім беру ұйымына ұсынады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде

алушыға стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтермен қолхат беріледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне мынадай құрылымдық функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – бірліктер):

1) білім беру ұйымының жауапты орындаушы;

2) білім беру ұйымының директоры.

15. Әрбір әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр бірліктің әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігі мен өзара әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету және  бірліктің үрдісінде әкімшілік әрекетінің ой-түйіндік тәртібі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбасы осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) жауап береді.

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

 «Аз қамтылған отбасы

балаларының қала сыртындағы және

 мектеп жанындағы  лагерьлерде демалуы үшін

 құжаттарды қабылдау»

№ 1715/27

мемлекеттік қызмет көрсету

 регламентіне

1 – қосымша

 

 

әкімшілік әрекеттің (үрдістің) орындалу мерзімін көрсетумен әр бірліктің әкімшілік әрекетінің (үрдісінің) бірізділігінің сипаттамасы

 

Әрекеттің № (жұмыс барысы, ағымы)

1

2

3

4

5

Бірліктің атауы

Жауапты орындаушы

Директор

Жауапты орындаушы

Директор

Жауапты орындаушы

Әрекеттің (үрдістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті қабылдау және тіркеу.

Жауапты

орындаушыны анықтауы

 Құжаттарды тексеруі, өтініштерді қарауы, жауапты орындаушының жолдама немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты дайындауы

Жолдама немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапқа қол қоюы

Жолдама немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты тіркеу және беруі

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық- өкімдік шешім)

 Қолхат

Бұрыштама

Жолдама немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жобасы

Жолдама немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап

Жолдама немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап

Орындалу мерзімі

30 минуттан артық емес

 

30 минут

 

4 күн ішінде

3 күн ішінде

30 минуттан артық емес

 

 

 

10 күнтізбелік күн ішінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

 «Аз қамтылған отбасы

балаларының қала сыртындағы және

 мектеп жанындағы  лагерьлерде демалуы үшін

 құжаттарды қабылдау»

№ 1715/27

мемлекеттік қызмет көрсету

 регламентіне

2 – қосымша