Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балаңыздың досы

                                          Балаңыздың досы

Көпшілікпен араласы аз бала, өзіне сырлас дос табуға шорқақ. Сол секілді оқуға қабілетсіз бала да доссыз қалады. Бұл неден болады?

·        Өзін өзгелерден кем санайды

·        Оларды біреумен емен-жарқын сөйлескеннен гөрі- өзгелердің «өзі туралы не ойлайтыны» қатты алаңдатады

·        Күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым іс-қимыл, қозғалыс, ымдау секілді қарым-қатынас әрекеттерін істе пайдалана алмайды

·        Жақсы оқитындармен тепе-тең қалыпты сақтай отырып сөйлесуді меңгермеген

·        Мектеп өмірінің сабақтан тыс бағдарламаларынан сырт қалған

Мұндай балалар өздерін өзгелерден қор санап, көпшілік ортадан сырттау тұруға бейім. Тіпті біреулермен танысып, достасу туралы ой миларына кіріп шықпайды да. Сіз осындайда балаңызға мына секілді көмек көрсете аласыз:

Ең алдымен атқаратын ісіңіздің жоспарын жасаңыз. Балаңызбен сөйлесіп, нендей әрекет жасайтыныңызды ескертіңіз. Себебі, сіздің тактикалық іс-қимылыңыз балаңызға қолайсыздық тудырмауы керек. Біреумен танысу кезіндегі барлық қылықтар, айтылатын сөздер алдын-ала дайындалып, пысықталуы тиіс. Балаңызды сырттай бақылап, оның өзгелермен қалай сезінетінін түйсініңіз. «Ойын» біткеннен кейін «бағдарламаңызды» қайтадан жаңғыртыңыз. Қалай өткенін зерделеңіз. Қалай болғанда да, дос табу оңай емес, бұған үлкендердің өзі сандаған жылдарын сарп ететінін ұмытпайық.   Осы ретте мынадай талаптар дос табудың бірден-бір қайнар көзі деп білген жөн:

·        Сіздің балаңыз күнделікті мектебінде саналы түрде өзі танымайтын белгісіз біреулерге жымиып қарасын. Бұл жағдайда бірнәрсе айтып сөйлеудің еш қажеттігі жоқ. Оның күлкісі жауапсыз қалуы әбден мүмкін. Оған бола ыңғайсызданудың қажеті жоқ. Өз бетімен кете берсін, әйтпесе көзін басқа жаққа аудара қойсын.

Күн соңында сіз одан манағы күле қараған баланың қандай киімде болғанын сұраңыз. Бұл сауалдын мәні баланы өзгеге көңіл аударуға үйрету, өзгелердің де барлығына мән бергізу. Осындай сауалдарыңызға қанағаттанарлық жауап алсаңыз, тәрбиенің келесі сатысына көтеріліңіз.

·       Баланы күлуге, сәлемдесуге баулыңыз. Күн соңында оның сәлеміне кім жауап бергенін сұраңыз.

·        Келесі қадамыңыз баланы күлімдеп сәлемдесуге, оның сыртында бір-екі ауыз тіл қатуға үйретіңіз. Ол өз қатарластарынан «Халін қалай?», «Мына тәттінің дәмдісін-ай», «Өте мазмұнды фильм», «Не деген ыстық күн» деген секілді бейкүнә үн қатулар болсын. Осы сабақтарды айтуға жаттықтыруыңызға әбден болады.

·        Баланы сыпайы түрде сауал қоюға үйрету керек. біреуге сауал қою арқылы ол адамның өзі жайында қандай пікірде, көңіл-күйде екенін аңғару қиын емес. Біреу бір нәрсесін тартып алайын деп тұрғандай тыжырынып жауап бермеуі- ол адамның әңгімелесуге құлықсыз екенін көрсетеді. Сауалды бірінші тастау арқылы ұяң бала өзінің бетін ашып, екінші біреуді еріксіз сөзге тартады. Бұл өзің сөйлегеннен гөрі әлде қайда тиімді әрі өзің тең дәрежеде сезінеді.

·       Күн соңында уақытын қалай өткізгенін, кімдермен пікір алысқанын, олар туралы не білгенін тиянақтаңыз.

·        Осы уақыт аралығында балаңыздың тұйықтығы басылып, өзгелермен аралас-құралас болу тәсілі байи түседі. Жаңа достарын үйге ертіп әкелуіне кеңес беріңіз. Қосымша сабақтарға, әртүрлі үйірмелерге достарымен бірге баруға жағдай жасаңыз.

Осы айтылған аз-мұз кеңестерді балаңыздың балғын кезінен бастағаныңыз абзал. Ересек тартып, әр нәрседен ұялатын шағында балаңызға дос тауып бере алмайсыз. Себебі, өте кеш қаласыз