Сенім телефоны
8 7182 608350
email: sosh21@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140 012 Павлодар қ., Камзин көшесі, 346
+7(7182) 60-73-13 қабылдау бөлімі, +7(7182) 57-85-83 вахта, +7 (7182) 57‒70‒72 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00 - 18.00 Бейсенбі 15.00 - 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Казахстан Республикасының әнұраны

Гимн – ең басты мемлекеттік рәміздерінің бірі. «Гимн»  сөзі  грек сөзі  «gimneo»  шыққан. "Салтанатты ән " деген мағынаны білдіреді. 

 Тәуелсіз Қазақстан мемелекетінің тарихында, 1992 жылы және 2006 жылы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің рәміздері екі рет бекітілді.  

  Қазақстан әнұраны әнінің  бірінші авторлары  Мұкан Төлебаев, Евгений Брусиловский және  Латиф Хамиди.  сөзінің авторлары: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев және ақын Жадыра Дарибаева.

 2006 жылы жаңа  мемлекеттік әнұран қабылданды. 1956 жылы «Менiң Қазақстаным» әнін Шәмші Қалдаяқов жазды.  Жұмекен Нәжімеденов. 2006 жылы әнге мемлекеттік статус беру үшін  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәтініне өзгертулер еңгізді. 2006 жылы 6 қаңтарда Қазақстан парламенті қабылдады. 

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

      Қайырмасы:

           Менің елім, менің елім,

          Гүлің болып егілемін,

         Жырың болып төгілемін, елім!

         Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

       Қайырмасы:

          Менің елім, менің елім,

         Гүлің болып егілемін,

        Жырың болып төгілемін, елім!

 

       Туған жерім менің - Қазақстаным!