№ 35 мектебінің «Алау» бағдарлы лагері 5 бағытта жұмыс атқарады
«Полиглот» -үш тілділік бағыты
«Болашақ» -Жаңа форматты ҰБТ-ге дайындық
«Олимп» спорт бағыты
«Эрудит» математикалық бағыты
«Лидер» олимпиада резерв бағыты
1 | Аубакирова Манат Камельевна | «Лидер» олимпиада резерв бағыты жетекшісі |
2 | Кучукова Гүлнар Адамовна, Табикенова Карлыгаш Сагидоллаевна | «Болашақ» -Жаңа форматты ҰБТ-ге дайындық жетекшісі |
3 | Абдрахманов Қайыржан Тілекович | «Эрудит» математика бағытының жетекшісі |
4 | Байжырыков Думан Бекмухамбетович | «Олимп» спорт бағытының жетекшісі |
5 | Кибатова Самал Бакубаевна, Карабаева Айнаш Аманбековна | «Полиглот» -үш тілділік бағыты |
«Алау» бағдарлы лагеріндегі мақсаты:
Олимпиада резервтерін дайындау,ғылыми жоба жазуға әзірлеу;
Шығармашылық талабы бар оқушылармен жұмыс жасау;
Оқушылардың жазғы демалысын пайдалы өткізуіне жағдай жасау;
Оқушылардың білімін шыңдау, интеллектуалды өрісін кеңейту;
Салауатты өмір салтын қолдайтын азамат тәрбиелеу.
«Алау» бағдарлы лагеріндегі міндеттері:
Балалардың мәдени демалысы мен сауығуы үшін жағдай жасау;
Зерттеу жұмыстары арқылы білімге деген қызығушылықтарын тұрақтандыру;
Уақытша ұжым жағдайында оқушыларды әлеуметтік адаптациялау «Алау» бағдарлы лагеріндегі негізгі жұмыс түрлері балалардың белсенді түрде қатысуымен әр түрлі шығармашлық жұмыстардың дайындығын және өткізілуін ұйымдастыру;
балалардың өзін-өзі басқару ұйымында балалардың өз бетінше жұмыс істеуі мен жұмыс нәтижелерін көрсете алуына жағдай жасау;
ойын бағдарламалары, байқаулар, турнирлер, спорттық жарыстар, оқу сабақтары, қызметтер арқылы балалар жұмысының нәтижелерін, жетістіктерін көрсету; алған білімін, өнерін, дағдыларын көрсету; топтар арасындағы, сондай-ақ жеке қатынастардағы бірлескен әрекеттерді ретке келтіру;
қызметтің әр бағытындағы бағдарламаларға қатысқандарды ынталандыруға бағытталған жеке және топтық іс-әрекеттерді талдау.