Сенім телефоны
8 71 82 31 84 16
email: sosh40@goo.edu.kz
Мекенжайы: Жағажай көш., 60/1
318415, 318416, 318408
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сәрсенбі сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Логопункт жұмысы туралы ақпарат
     Логопед пунктіне ауызша және жазбаша сөйлеуде тіл мүкістігі бар (тілдің жалпы дамымауы, фонетико-фонематикалық дамудың жетістпеушілігі, оқу мен жазудың бұзылуы,  тұтығу, сөйлеудің айту тұрғысынан бұзылуы (дислалию, дизартрию, ринолалию)оқушылар есепке алынады.
  Сөйлеуде бұзушылықтары бар балаларды анықтау және логопед пунктіне есепке алу жыл бойы жүргізіледі. Мамыр айында 1 сыныпқа қабылданатын оқушыларға тексеру жүргізіледі.
    Тіл кемістігі бар балалар сөйлеу ақаулығына қарай топтарға бөлінеді.  Логопед пунктіне есепке алынған әр оқушыға сөйлеу картасы толтырылады.
  Топтық (топтамалық) сабақтар логопед жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.  Балалар топтарға жас ерекшеліктеріне және сөйлеу бұзушылықтарына қарай іріктелініп алынады. Әр түрлі жастағы балаларды төмендегідей жағдайда топтарға жинақтауға болады:
1) жалпы тіл дамуының жетіспеушілі(ЖТЖ) - 3-5 адам;
2) оқу мен жазудың бұзылы- 4-6 адам;
3) фонетико-фонематикалық дамудың жетіспеушілігі(ФФД) - 3-5 адам;
4) фонетико-фонематикалық дамудың жетіспеушілігінен оқу мен жазудың бұзылуы- 4-6 адам;
5) кекештену- 3-4 адам;
6) дыбыстарды анық айта алмау- 5-6 адам.
     Логопед пунтктінде мектеп жасына дейінгі балалармен және тіл бұзушылығы ауыр деңгейдегі (ринолалия, дизартрия, 1-2 деңгейдегі ЖТЖ)мектеп оқушыларымен жеке сабақтар өткізіледі. Әр топтағы сабақтар аптасына 2-3 рет өткізіледі.
Бүгінгі күні логопунктке 25 бала есепке алынды. Коррекциялық оқытудың ұзақтығы сөйлеу бұзушылығының деңгейіне және оның құрылымына байланысты болады.
    Логопед маманның сабақтары оқудан бос уақытта өткізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтан бос уақытта немесе «Тіл дамыту және сауаттануға дайындық», «Еңбек» , «Бейнелеу өнері» және «Құрастыру» сабақтары кезінде өткізіледі.
   Тіл мүкістігі бар балаларды есептен шығару жыл бойы жүргізіледі (тіл дамуының жетіспеушілігі жойылған жағдайда). Егер баланың психофизикалық жағдайын анықтау қажеттілігі туындаса, логопед ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімімен дәрігер-мамандарға (невропатолог, психиатр, оталаринголог) немесе ПМПК-ға жібереді.
   Логопедтік сабақтардың қорытындысы тіл картасында көрсетіледі және педагогтардың, сынып жетекшісінің, ата-аналар (заңды өкілдер) назарына жеткізіліп тұрады. Балалардың логопед пунктіндегі сабақтарға қатысу жауапкершілігі логопед-маманға, білім беру мекемесінің педагогтарына және ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жүктеледі.