Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ҚР-сының 25-жылдығына арналған доклад
Мемлекетпен қоғамның даму кезеңдері, қалыптасуы «Адам баласының ең жаманы – талапсыз адам». қазақ ойшылыАбай Құнанбайұлы   Бір кездері «дала философы» Асан қайғы қазақ халқын жетелейтін ақылды ел басқарушыны аңсады.Көптеген ғасырлар бойы бұл тек арман болып, қазақстан халқы қоғам болып қалыптасуында көптеген қиыншылықтардан өтті:"Тәуелсіздік жылдарында қазақстан жолының негізгі құндылықтары қалыптасты– бостандық, бірлік, тұрақтылық, өркендеу" (Н.Ә.Назарбаев). Мемлекет басшысы 2013 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен:
  1. Лайықты және қасиетті еліміз - "Мәңгілік Ел".
  2. Халықтың бірлігі.
  3. Мәдениет және ана тілі.
  4. Индустриялық–инновациялық экономика.
  5. Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы.
  6. Астана.
  7. Жаһандық жауапкершілік, жалпы бүкіл адамзат үшін бастамалары.
«Бірінші игілігіміз - біздің қасиетті де лайықты еліміз - «Мәңгілік Ел». Он төрт мың километрден астам талассыз шекарамыз біздің Отанымызды біртұтас монолитке шегендеді. Олар барлық шектес елдермен ізгі көршілестіктің шебіне айналды» - дей келе, 7 санының ұлтымыздың киелі саны екенін айтып өтті. «Мәңгілік ел» құндылықтары Тәуелсіздік жетістіктерін, халқымыздың ортақ мүдделерін, тарихи тағдырын көрсетеді. «Мәңгілік ел» жеті құндылығы қазақстандықтардың Тәуелсіздікті нығайтуға,еркін де өркендеген елде өмір сүруге ұмтылысын – ортақ мақсатын, ортақ мүдделері мен ортақ болашағын біріктірді.Қазақстан халқықабылдаған "Мәңгілік Ел"патриоттық актісіқуатты жұмылдырушы бастауға қоғамдық келісімді нығайтудың өзегіне, бүкіл қоғамның мүдделері мен ұмтылысын біртұтас тұрғыда бекемдеу құралына айналды. «25 жыл тәуелсіздік алғаннан кейін біздің елімізкөптеген жетістіктерге қол жеткізді, соның ішінде өмір сүру ұзақтығы 64-72 жасты құрады, бұл - ең басты жетістігіміз,- деді ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев. –25 жыл ішінде мектептер, ауруханалар, жолдарсалынды. 3 дағдарысты еңсердік және әлі алда көптеген қиындықтар бізді күтуде, бірақ мен бірлігі бар осындай елімнің арқасында одан да сүрінбей өтетінімізге сенемін». Екінші жетістігіміз – елдің бірлікте өмір сүруі:«Біз туған елімізді бейбітшіліктің бесігіне айналдыра білдік. Бірлік, береке – біздің басты байлығымыз, құн жетпес қазынамыз. Еліміздегі тыныштықтың арқасында елімізде тұрақтылық орнады, ал келісім арқасында –бірлік қалыптасты. Бірілік пен келісім – бізідің басты байлығымыз, құндылығымыз. Егер біздің негізіміз тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, қалауымыз – келісім болса, онда мемлекетіміз тарихта өзінің құрметті орнын табады. Тәуелсіздік халықты Ассамблеяның – бейбітшілік пен келісімді сақтаушының біртұтас шаңырағының астында тұтастыра түсті. Біздің рухани бірлігіміз – зайырлы мемлекет пен қоғамның басты іргетасы». Қазақстан конфессияаралық және этносаралық татулық пен келісім үстемдік құрған мемлекет дамуының бүкіл әлемге танылған жаңа бірегей моделін құрды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы бірлігін нығайтудың конституциялық мәртебесі айрықша институты – Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Әлемдік діндердің, тілдердің, мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысындағы тарихи араласуы Қазақстанда бейбітшілік пен келісім әлеуметтің адамгершілік және әдеп нормасына, ортақ мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған қоғамның айрықша үлгісін қалыптастырды. Ол көпэтностық пен көпконфессиялылықты Қазақстанның стратегиялық ресурсына және артықшылығына айналдыра отырып, руханилық пен азаматтықтың құрыштай құймасын мейлінше бекемдей түсті. Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен қоғамдық келісім моделі қоғамның үйлесімді дамуының әлемдік эталонына айналды. Бүкілқазақстандық бірлік моделін қалыптастыруда ең басты рөл Қазақстан халқы Ассамблеясына (ҚХА) беріледі. Ассамблеяның басты міндеті: мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру, Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік-ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында айтқан болатын. Осыған орай, 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестікорган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 2007 жылғы мамырда еліміз Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлауға құқылы. Бұл жағдай Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық-саяси рөлін өсіруге мүмкіндік берді. 2008 жылғы 20 қазанда еліміздің Президенті әлемде баламасы жоқ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Оның қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалды. Бүгінгі күні Ассамблея мемлекеттік-ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал жасайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің бірігуін қаматамасыз етеді, ұлттық мәдениеттердің, қазақстан халқы тілдері мен дәстүрлерінің жандануына, сақталуына және дамуына көмектеседі. Ассамблея­сының жұмысы нәтижесінде мемлекетте этнос­ара­лық және дінаралық қатынастың бірегей үлгісі қалыптасты. Ол бүгінде еліміздегі бірлік пен бейбітшіліктің және қоғамдық келісімнің басты кепілі болып отыр, Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті –Ұлт Көшбасшысына Қазақстан халықтарының Ассамблеясын өмір бойы басқару міндеті жүктелген. Қазақстанда барлық этностардың дамуына көп көңіл бөлінуде,ал қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері ерекше қызығушылық тудырады.2004 жылы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» қабылдаған Жарғысының күші әрі қарай ұзартылды. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 16 бағыттағы 100 томдық ғылыми зерттеулер жарық көріп, 51 тарихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтірілді, 15 халықаралық ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. 3 негізгі мемлекеттік Бағдарламалар бекітілді – білім беру, денсаулық сақтау және тіл туралы. «Бүгін қазақ тілін көрші елдермен қатар, Азербайджан, Армения, Беларуссия, Польша, Венгрия, Оңтүстік Корея, Германия, Ұлыбритания, АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында оқытылуда. Жыл сайын осындай елдердің саны артып келеді.Атақты Кембридж университетінде қазақ тіліне, тарихы мен мәдениетіне арналған арнайы пән бар. Тәуелсіздігімізге орай біздің ұлттық мәдениетіміз жаңа күшпен дами түсуде.Біз «Мәдени мұра» деген бағдарламаны жүзеге асырдық, олқылықтарды қалпына келтірдік. Біздің өнеріміз бен бай мәдениетті мұрамыз дүниежүзілік рухани байлықтың бір бөлігі болып табылады»,- дей отыра Қазақстан Президенті үшінші құндылығымыз, бұл біздің мәдениетіміз бен ана тіліміз екендігін көрсетті. 2017 жылы мемлекеттік тілмен елде 80пайыз адам сөйлесе, 2020 жылы – 95 пайыз және 100 пайыз мектеп бітірушілер сөйлейтін болады. Білім беру саласына үш тілділікті: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріненгізу бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында білім жүйесін өзгертуі әлемдік білім кеңістігінде де лайықты орын алуға мүмкіндік берді.Зияткерлік ұлттың қалыптасуына жағдай жасай отырып, Қазақстан адам дамуының жоғары деңгейлі елдер қатарына нық қадам басты.Елбасының ұсынысымен елімізде «Болашақ» бағдарламасы біртіндеп жүзеге асырылып келеді.«Назарбаев университеті» зияткерлік мектептердің жүйесі құрылды. Барлық аймақтарда мыңдаған заманауи мектептер салынды. Қазіргі кезде Республикамызда білім беру мен білім алуға қатысты жаңа өзгерістер енгізілуде. Яғни, 1,5,11, сыныптардың аралығы бойынша 12-жылдық білім алу жүйесін енгізу, ҚР-ның 104 мектебін, сонымен қатар 45 ауылдық мектеп, 59 қалалық мектептерін осы жүйеге негіздеу жүзеге асырылуда. 1993 жылдың қарашасындағы бағдарламаға сәйкес Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша, "Болашақ" халықаралық стипендия тағайындалды, "Болашақ" бағдарламасы бойынша қазақстандық студенттер АҚШ-та, Франция, Германия және басқа да елдерде білім алуда. Н. Ә. Назарбаевтың есептеуінше, «әрбір қазақстандықтың дербес ұстанымы – өмірбойы білім алу». Ел Президенті алға қойған мақсаттар білім берусаласының сапа тұрғысынан түбегейлі өзгеруіне негіз болды. 2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оның негізгі идеясы «Мәңгілік ел» идеясы деп танылды. 2015 жылы облыс бойынша көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы тұрғысында 1 рейтингілік орынға ие болған Павлодар қаласының білім беру жүйесіндеаталған бағдарлама барлық негізгі бағыттар бойынша іске асырылуда. Оқу үдерісіне «Робототехника» пәнін енгізу мақсатымен 13 мектепті арнайы құрылғылармен жабдықтау қарастырылған. 2015 жылы Кенжекөл ауылында 600 орынға және Павлодар қаласында 1200 орынға арналған мектептер ашылды. Жақын болашақта Жетекші ауылында және «Усолка» ықшам ауданында мектептерді салу бойынша шаралар қолдануда. Балаларға сапалы білім беріп, оларды функционалды сауатты азаматтар етіп шығару тілегіміз, сөз жоқ, мектепке дейінгі жаста қалыптасатын негізге ие болу керек. Соңғы 5 жылы мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелер жүйесі 24-ке артты. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру саласында 2-3 жастағы балаларға арнап 515 орынды мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру негізінде жеке жеткізушілерді ынталандыру бойынша жұмыс жалғасуда. Аталмыш шаралар 3 жастан бастап балаларды 100% қамтуға, ал 2 жасар балалардың қамтылу көрсеткішін 74-тен 86 % дейін арттыруға мүмкіндік берді. 1 қыркүйек 2016 жылдан бастап барлық мектепке дейінгі ұйымдарда жаңа білім беру стандарты енгізілді. № 27 балабақша және №36 мектептің шағын-орталығы «Үздік мектепке дейінгі ұйым» облыстық байқауының жеңімпаздары атанды. Білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселесі инфрақұрылым және мектептік білім беру мазмұнымен тығыз байланысты. Қала педагогтарының кәсіби белсенділігі білім беру министрлігінің сарапттау топтарының жұмысына, республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауларына қатысудан байқалады. 1200 педагогикалық қызметкер қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық кәсіби байқаулардың жеңімпазы атанды. Облыстық рейтинг нәтижесі бойынша бөлімнің әдістемелік кабинеті 1-орынды иеленді. Қалада балалардың дарындылығы мен жеке даралығын дамыту және қолдауға арнап жағдайлар жасалады. Қаланың олимпиада құрамасы жалпы білім беретін пәндердің облыстық олимпиадасының нәтижелері бойынша 1-ші жалпы командалық орынға ие болды. Оған тағы бір рет «Облыс қалаларының арасындағы үздік олимпиада командасы» атағы берілді. Қаланың 62% мектебі білім беру үрдісіндегі түрлі инновацияларды енгізу бойынша эксперименталды бағдарламаларға қатысады. Бұл жұмыс 3 республикалық, 6 облыстық және 19 қалалық деңгейдегі эксперименталды алаңдарда жүргізілуде. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау аясында республиканың 30 пилоттық мектебінің қатарына 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар қаласының № 39 мектебі кірді. Қаланың 8 мектебі (№ 2, 14, 20, 34,39, 42, 43, Стикс) көптілділік бойынша эксперименталды жұмыс жүргізіп, қалыптасқан тәжірибені тарату бойынша республикалық және облыстық алаңдар болып табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеу білім беру сапасын бағалаудың тиімді жолы болып табылады. Мектеп бітірушілердің орташа ҰБТ ұпайы 2015 жылдың қорытындысынан 3,8 ұпайға жоғары. 15 мектеп (42%) қалалықтан деңгейден жоғары нәтижелер көрсетті. 2015 жылмен салыстырғанда 100 және одан да жоғары ұпай жинаған жас түлектердің көрсеткіші 15,5-тен 20%-ға дейін өсті. Мұндай нәтижелері бар оқушылардың саны мына мектептерде көп: №37,40,35,20,2,25,1,22. Мектеп бітіруші түлектердің 48% (2015-45,3%) ҰБТ-ны «4» пен «5»-ке тапсырды. «Алтын белгіні» растаған үміткерлердің саны да 43-тен 67%-ға дейін өсті. Тәрбие жұмысы – заманауи білім берудің біршама өзекті бағыттарының бірі, оның сапасын арттырудың маңызды ресурсы. Қалада 15 мыңнан аса баланы қамтитын қосымша білім беретін 11 ұйым, 17 аула клубы қызмет етеді. Соңғы 3 жылы балалардың қосымша білім беру қызметтерімен қамтылуы 29-дан 43%-ға дейін артты. Одан басқа жалпы білім беретін мектептерде 35 мыңнан аса баланы қамтыған 2613 үйірме мен спорт секциялары қызмет етеді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында кәсіпорындарда 3500 уақытша жұмыс орны ұйымдастырылды, 1310 жоғары сынып оқушысы қала және ауылдық аумақты абаттандыру бойынша отрядтарда жұмыс істеді. Қолданылған шаралар 33 мыңнан аса оқушының демалыс, сауықтыру және еңбекпен 100 % қамтылуына мүмкіндік берді. Жазғы демалысты ұйымдастыру нәтижелері бойынша білім беру бөлімі облыстық байқаудың Бас жүлдесіне ие болды. Білім беру қызметтерінің жоғары сапасы әрқайсымыздың жұмыс орнымыздан басталады. Біздің нәтижелеріміз де осыған байланысты. "Дені сау ұлт" атты бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасыөзін спорт алыптары ретінде көрсетті. 1991 жылдан ел халықаралық спорталаңдарында әлем алдында дербес тәуелсіз мемлекет ретінде таныта білді.1994 жылы XVII қысқы олимпиадалықойындарда Қазақстантұңғышретдербес спортделегациясын жіберді.Ал өткен ғасырдың 90-жылдарықазақстандық спортшыларАзияойындарына қатыса бастады.2011 жылдың қаңтар –ақпанындаVII азиялықолимпиадалықойындар(Азиада)Алматыжәне Астана қалаларындаөткізілді, қазақстандықспортшылар70 медаль(32 алтын, 21 күміс, 17 қола) иегері атанды. Егемен елдің спорт иегерлері олимпиадалық ойындарда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальдерін иеленді.Жазғы олимпиадалық ойындарда 16 алтын, 17 күміс және 19 қола медальдерімен марапатталды. 2016 жылы Бразилияда өткен олимпиадада: 22 орында болып, 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) иеленді. Қазақстан тек дүниежүзілік спорт тұғырларын көндіріп қана қоймай,2022жылыөтетін 24-шы Олимпиадалық ойындарды өз елімізде өткізу құқығына ие болу керек. Осыған байланысты біздің еліміз Халықаралық Олимпиада Комитетіне өтініш берді. Тәуелсіздіктің төртінші тұғыры ретінде ел басы елдің индустриалды-инновациялық экономикасын атады. «Бүгін біздің жеріміздің байлықтары халыққа қызмет етеді.Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша биыл Қазақстан минералды ресурстар бойынша дүниежүзілік рейтингте 19-орынға ие болыпты. Біздер ғаламдық дағдарыстың сабақтарын меңгердік. ХХI ғасырдабарлық табысты ұлттың индустриялыахуалымен инновацияларанықтайды",-дедіПрезидент. Тәуелсіздіктің25жылы ішінде Қазақстан экономикада биік көрсеткіштергежетті.Мемлекет басшысыН.Ә.Назарбаевқазақхалқындәйектітүрдеең биікдүниежүзіліккөрсеткіш табыстарына жетелейді.«Қазақстан-2050» стратегиясын, «Нұрлы жол» жаңаэкономикалықсаясаты, «100нақты қадамдар»ұлттықжоспары–бұлар Қазақстанның қуатын көтеруге бағытталған. Біздің бірегейбәсекеге лайық артықшылықтарымыз – табиғибайлықтар, ауыл шаруашылық, коммуникация және транзитті әлуеттер –біздіңеліміздің экономикалық табысының негізі болды. Бүгін Қазақстан - нық нарықтық экономикасы барел,жекеменшіктікмызғымасинституты бар, ал кәсіпкерлік экономикалық дамудыңқозғаушы күш болып табылуда.Ұлт Көшбасшысыныңстратегиялықкөріпкелділігіарқылыбіздің елімізде, ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстарға төтеп беріп, елдің экономикасы ойдағыдайжүзегеасуда. Ауқымды реформалар арқасында жоғары технологиялық салалар: мұнай- химиялық,автомобиль өнеркәсібі, темір жол, IТ-технология, ғарыштың өндірісі жақсы дамуда. Ұлт Көшбасшысы бастамасы бойынша «Жол картасы -2020», «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамтамасыз ету-2020» бағдарламасы жүзеге асуда. Тәуелсіздіктің 25- жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан рейтингте 35- орынды иеленді. Жалпыға бірдей еңбектің қоғамының бәсекеге қабілетті магистральдібағдарымен әлеуметтік тұрақты қоғам құрылды. Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан бері Президент Н.Ә.Назарбаев халық алдындағы әлеуметтік бағдарламасы негізінде нарықтық экономикасы бар мықты егемен мемлекет құру міндетін қойды. Әлеуметтік жаңғырту бағдарламасы бойынша әл-ауқаты жоғары , еркін экономикалық аймақ құру, әлеуметтік дамуға қолдау көрсету, нарықтық еңбек қатынасы динамкасының өсуі. 25жыл ішінде туу көрсеткіші 60%-ға өсті. Жыл сайын Қазақстан аналар үшін ең қолайлы жағдай жасап жатқан елдердің арасында рейтингісі көтеріліп келеді.Қазақстандықтардың өмір сүру жасы ұзарды.Еңбекке қабілетті адам -мемлекеттің басты ұстанымы болып табылады. Мемлекет қазақстандық әр азаматқа Конституциялық құқықтары бойынша ерікті еңбек және тиісті еңбекақы алу үшін оқуға және кәсіби біліктілікті арттыруға жағдай жасауда, өнеркәсіп, инфракұрылым және басқа нысандарды салуда. Н.Ә.Назарбаев 6-шы қадамдаАстана қаласы архитектурасы мемлекеттің даму көрінісі деп айтып кетті. «Ондағы салынған жаңа көшелері,саябақтары, алаңдары біздің Тәуелсіз Ұлы тарихымыздың айнасындай көрінеді. Сондықтан да Астанаға деген махаббатымыз Отанға деген Ұлы сезім. Бұл Жаңа қазақстандық патриотизмнің альфа және омегасы» деп Қазақстан Президенті атап өтті. Жаңа елордамыз Астана бұл Еуразиядағы қолөнер кереметі, жаңа Қазақстанның алғашқы және негізгі көрінісі болып табылады. Астана ұлт рухынының биіктігі,тереңдігі, кең пейілдігінің көрінісі. 1997 жылы елорда Ақмола қаласына көшірілді,1998жылы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы деп өзгертілді, 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың тұсаукесері болып өтті.1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Астана қаласын «Бейбітшілік қаласы»деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Жаңа Астана қаласының құрылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі зор. Астана тәуелсіз Қазақстанның триумфы еліміздің мақтанышы.Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ емеспе?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа бетгерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда. ЭКСПО-2017 Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралықкөрмелербюросымен ұйымдастырылатынХалықаралық көрме. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып «Болашақ қуаты» болып табылады.   Әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел, Азия және Евразия аймақтарындағы интеграциялық байланыстарды нығайтып ,теңізге шығу рұқсаты жоқ елдер тобының мүдделерін ілгерілетуде; дін, мәдениет және өркениет мәселелерін шешуі, бейбіт саясат жүргізуі – Қазақстанның әлем елдерінің арасындағы беделін арттырды. Осымен қатар Қазақстан Президенті елдің барша аймақтарына орналастырылған ядролық қару түрлері мен оларды жеткізу құралдарын ел территориясынан шығару бағытында жұмыстар атқарып, қарудың бұл түрі деҚазақстанның жерінен толығымен аластатылғандығы белгілі. Қазақстан өңірлік жаһандық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға көп үлес қосуда. «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру негізгі елдермен қарым-қатынас деңгейін өте жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік берді. Қазақстан Еуразиялық ынтымақтастығына айналды. Біздің еліміз бастамашы көпір салушы ел болды және осындай ЕЭО, ШЫҰ сияқты интеграциялыну жобаларының қозғаушы күшіне айналды. АӨСШК-нің Қазақстан аса ірі халықаралық ұйымдарға табысты төрағалық тәжірбиесі бар,ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған Қазақстан халықаралық ұйымдарының жетекші елдерінің басшылары назарының объектісі жасалған, біз түрлі халықаралық платформада және интерактивтік форумда қолдау табуда. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында біздің республикамыз Ұлт көсбасшысы басшылығымен халықаралық қоғамдастықтың құрметті, әрі жауапты мүшесі болып, сыртқы саясат саласындағы маңызды жетістіктерге жетті. 1991 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ – ға мүшесі болып кірді, оның құрамына Солтүстік Американың, Еуропа және Орталық Азияның 56 елі кірді. Төрағалықтың басты нәтижелі түйіні – ЕҚЫҰ-ның онжылдық үзілістен кейінгі 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда өткен Астана Саммиті. Оған дейінгі жоғары деңгейдегі бас қосу 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айуты бойыншa: «егер де бұрын географиялық орнына байланысты Қазақстан Еуразия орталағы болса, енді ол саясат жағынан Еуразияның орталығы болып саналады». 2001 діндер мен конфессияаралық бейбіт саясаттың көрінісі ретінде Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға келді. 2002 жылы өткізілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммитінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз көзқарасын білдірді. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды. Бүгінгі күнде бұл мемлекеттің құрамында Азия елдерінің 90 пайызы, дәлірек айтсақ 24 мемлекет кіреді.Бұл ұйым Азия мемлекеттерінің бір-бірімен өзара тығыз қарым-қатынас тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша Орта Азияның елдерінің ішінен 2017-2018 жылдары өткізілетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне ҚР-сы бірінші болып таңдалынып алынды. Қазақстанның ішкі саясатының қорытындыларын ескере отырып, еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп айтты: «Өзінің белсенді атқарған жұмыстарымен жас республика халықаралық үлкен бір қолдауға қол жеткізді.Дамыған мемлекеттердің арасынан республикамыз сай деп танылып, экономикамыздың сферасын одан әрі дамытуда». 2016 жылы 16 желтоқсанда ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Өткен жылдар еліміз үшін ішкі, сыртқы саясаттың даму,экономика саласының бір дәрежеде қарқынды өсуі мемлекеттік валютаның енгізілуі, мемлекеттің дамуының жаңа мәселесі анықталуының маңызы зор болды. Бүгінгі Қазақстан- дәрежесі жоғары, білікті елдердің қатарында. Дамыған экономикасын қоса ала жүретін заманауи демократиялық мемлекет – жаңа заманның болашағының бастауы. «Нұрлы жол», «Мәңгілік Ел», «Қазақстан-2030», «Қазақстан -2050», «Болашаққа 100 қадам» сынды стратегиялық бағдарламалар еліміздің әлемдік деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізуде.