Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының №5 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
г. Павлодар, ул. Майры, 41/1
526096, 655540
Вернуться на главную страницу отдела образования
За год2102454
За месяц336497
За неделю77612
Вчера11008
Сутки5237

                  

Біздің мекенжайымыз:

Қазақстан Республикасы

140007   Павлодар қаласы,

Майра көшесі 41/1

Басшы телефоны :  65- 55 -40 

Жалпы телефоны: 52-60-96.

Факс (8 718 2) 65-55-40

E-mail:yasli_sad_5@mail.ru 

                  №5 сәбилер бақшасының жобалық қуаты - 320 орын.

12 топтық ғимаратта :

                                         2 - 1-ші кіші топ;

                                         3 – 2-нші кіші топ;

                                     3 – ортаңғы топтар;

                                  2 – ересек топтары;

                                 2 – дайындық тобы.

 №5 сәбилер бақшасында мектепке дейінгі балаларды оқытып тәрбиелеуде және жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дамытуда барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген.

Мекеменің материалдық - оқу базасы  жоғарғы деңгейде жабдықталған,  мұнда медициналық, психологиялық, логопедтік қызмет, хауыз,  физиокабинеттен тұратын сауықтыру кешені, спорттық –хореографиялық, ән – күй залдары, ағылшын және  бейнелеу кабинеттері бар.

              

 Топ бөлмелері заманауи модулдік жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтылған.

Балабақшада мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ағылшын тілі, жүзу, би сабақтарын жүзеге асыру бойынша авторлық бағдарламалар құрастырылған

Денсаулық сақтау саласында: бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, физио кабинеті, хауыз, дене шынықтыру, ән-күй, балет залдары заманауи жиһаздармен толық жабдықталған

Психологиялық салада: баланың  жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу.

Әлеуметтік салада: баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған.

Басқару саласында: мекемеде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Оған педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс - әрекет тәсілдерін меңгеру мен жалпылау жоспарланған.