Сенім телефоны
87182-35-34-62
email: ksosh@goo.edu.kz instagram.com/ksosh_school
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Конституция алаңы, 1
87182-353-461
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектеп әкімшілігі

.

Дорденко Нина Викторовна
Дорденко Нина Викторовна

Туған жылы:26.10.1961ж.

Білімі: жоғары,  ХМПИ, 1983 ж.

Лауазымы: ОТжДО, орыс тілі мен әдебиет мұғалімі

Санаты: жоғары

Жетістіктері: Оқушылары – «Ақ бота» халықаралық интеллектуалды конкурс қатысушылары (2013 жыл), 11-ші сынып түлегі – «Ломоносов - 2012»  орыс тілі мен әдебиет бойынша республикалық кәсіби бағдар олимпиадасының қатысушысы (Астана, 2012 жыл). Жұмыс тәжірибесін «ХІІІ Сәтпаев оқулары» халықаралық конференциясында «Орыс тілі сабақтарында оқушылардың өздігінен жұмыс жасау жүйесін ұйымдастыру» мақаласымен (2013 жыл) және республикалық  «Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін модернизациялау» ғылыми-практикалық конференциясында өздігінен білім алу тақырыбы бойынша баяндамасымен бөлісті (2013 жыл, ПМПИ алғыс хаты).  «Зерттеу жұмыстары», «Еуразиялық полиэтникалық кеңістіктегі тілдердің қалыптасуы» (2013 жыл), «Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің артуы мен оқушының тұлғалық дамуы факторі іспетті ғылыми-зерттеу жұмыстары» (2014 жыл) халықаралық ғылыми-теориялық семинардың, «Білім модернизациясының жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі» республикалық теория-әдістемелік семинардың, «Сыни ойлауды дамытудағы интерактивті әдістер» облыстық практикалық семинардың (2013 жыл) жұмысына қатысты. 6-шы сынып оқушыларына арналған «Тіл және өмір» таңдаулы курс авторы (2011 жыл, ПМПИ пікірі).

Ақылжанова Сандуғаш Зейнеллағабиденқызы
Ақылжанова Сандуғаш Зейнеллағабиденқызы

Туған жылы: 30.05.1971ж.

Білімі: жоғарғы, ППИ 1983 ж.

Лауазымы: ОТжДО, Математика мен информатика пәндерінің мұғалімі

Санаты: жоғарғы

Жетістіктері: «Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін модернизациялау» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында «Математика мен информатика сабақтарында білім сапасын арттыру барысында интерактивті әдістерді қолдану»  баяндамасын ұсынды (2013 жыл).  Педагогикалық шеберлігін үнемі арттыруда. «Зерттеу жұмыстары» халықаралық семинар жұмысына, «Жастар ортасында танымдық оқытуды жетілдіру» халықаралық конференция айдарында өткен «Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің өсуі мен оқушы тұлғасының даму факторы іспетті ғылыми-зерттеу жұмысы» (2013 жыл, сертификаттар) семинарына қатысты.

Умиева Гүлмира Жолдасбекқызы
Умиева Гүлмира Жолдасбекқызы

Туған жылы: 06.06.1980ж.

Білімі:  арнайы - орташа ППК, жоғарғы ПАУ, диплом бойынша мамандықтары: бастауыш сынып мұғалімі, педагог-психолог

Лауазымы: ТжДО, технология пәнінің мұғалімі

Санаты: бірінші

Жетістіктері: Республикалық шығармашылық фестивальде «Алтын кілт» театр ұжымы – «Ертегі» номинациясында жеңімпаз және «Ең үздік театр ұжымы» номинациясында жүлдегер (2 орын, 2012 жыл, Астана қаласы).  Оқушылары қалалық «Балауса» және «12 мектептегі сәттер» фестивальдерінде «Театр», «Хореография» (2013 жыл), «Жұлдызды түлектер» (2013 жыл) жанрларында лауреаттар. 4-ші сынып оқушысы А.Носик – «Ғажайып әлемінде» номинациясында бастауыш сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары қалалық байқау жүлдегері (2013 жыл, 2 орын). «Ауыл мектептерінің тәрбиелік жүйесінің үздік моделі» номинациясында облыстық жобалар байқауының жеңімпазы (2010 жыл).

Аринова Динара Холдаровна
Аринова Динара Холдаровна

Туған жылы: 26.12.1985 ж.

Білімі: жоғарғы, ИнЕУ

Санаты: екінші

Лауазымы: тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары, орыс тілі және әдебиет мұғалімі.