ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Манабаева Гүлбайрам Рахымқ
Категория: Золотая книга
Манабаева Гүлбайрам Рахымқ

Манабаева Гүлбайрам Рахымқызы – 1951 ж. 25 қарашада дүниеге келген.

№35 жалпы орта мектебінің ұстазы, қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі.

Болашағымыздың тұтқасы, жас ұрпақтарды тәрбиелеу және терең де жан - жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. «Ел ісіне жұмсалған еңбекті ерлік деп санау» - ұстаздың ұраны. Ол жеткен жетістіктер мен асқақ асулар көп - ақ. Атап айтсақ, бірнеше рет Мәскеуде, Бүкілодақтық «Артек» пионер лагерінде, Атырау облысының «Алға» орта мектебінің директоры Құсни Атқалиевтің авторлық мектебінің жұмысына қатысып, іс -тәжірибесімен алмасты.

1990 жылдан бастап Қ. Бітібаеваның Республикалық авторлық мектебінің

мүшесі. Осы жылдары бірнеше рет Алматы, Өскемен, Талдықорған қалаларында республикалық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің алдында сабақтар көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Қ. Бітібаеваның 60 жылдығына арналған Халықаралық конференцияға қатысып, «Оқыту үрдісінде қазақ әдебиетін ұлттық құндылық ретінде таныту» тақырыбында баяндама жасады.

8 – 11 сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту бағдарламасының авторы.