Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87770813018
email: sad85@goo.edu.kz
Мекенжайы: Лермонтов к-сі 102/1
8(7182)55-08-35 қабылдау бөлмесі 8(7182)55-07-69 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жұма, сағат 8:00-ден - 19:00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстан Республикасының Рәміздері
Қазақстан Республикасының Рәміздері

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов,

        

         Нұрсұлтан Назарбаев

 

Әні:  Шәмші Қалдаяқов

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны -

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңкымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Кайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып тегілемін,елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай,

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Кайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып тегілемін,елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!

http://kiwi.kz/watch/2jv8zxykpk85/

«Гимн» сөзі грек тілінен алынған. Ол «салтанатты, мақтау әні» дегенді білдіреді. Мемлекеттің гимні – мемлекетке арналған салтанатты ән. Оның сөздерінде көп ғасырлық тарих, бүгінгі өмір, келешек арман айтылады. Гимн маңызды мемлекеттік шараларда орындалады. Оны салтанатты жиындарда, мерекелерде, спорт жарыстарында естуге болады. Гимнді тұрып айтады, тұрып тыңдайды. Бұл – мемлекеттің негізгі әніне, өз еліне деген құрмет.

Біздің елімізде Мемлекеттік гимн ретінде «Менің Қазақстаным» әні қабылданды. Бұл әннің тарихы қызық. Әнді 1959 жылы ақын Жұмекен Нәжімеденов пен сазгер Шәмші Қалдаяқов жазған. Ол кезде олар консерваторияның студенттері еді. Әнді алғаш орындаған – Жамал Омарова. Әнде халықтың патриоттық сезімі бейнеленген. Әр үйде, әр мерекеде осы ән айтылған. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандықты аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

«Әнге ресми мәртебе беретін уақыт жетті!» - деді 2006 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Президенттің қатысуымен жазылған Гимннің жаңа мәтіні қазақ халқының өркөкірек рухын, жақсы өмірге деген құлшынысын, қазақ жерінің молшылығы мен байлығының артатындығын көрсетеді.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Гимні ретінде «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы 10 қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды. Ұлықтау рәсімі дегеніміз – бүкілхалықтық сайлау қорытындысында сайланған Президенттің ресми түрде іске кірісуі. Ұлықтау рәсімі кезінде Президент өз халқына, Ата Заңға адалдығын білдіріп, ант береді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының Туының авторы - суретші Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәмәздерінің бірі - Мемлекеттік Ту. Ол "белгі, нышан" деген мағынаны береді. Жалау - кімге тиесілі екендігін білдіретін белгі.

Қазақстан Республикасының Туын еліміздің өкіметтік ғимараттарынан көруге болады. Ол сонымен қатар мемлекеттік меркелерде қала алаңдарында ілінеді.

Біздің Республикамыздың мемлекеттік Туы - тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың көгілдір түсі ашық аспан мен тыныштықтың белгісін көрсетеді.

Тудың ортасында бейнеленген күн - өмір сүрудің белгісі. Күн сәулесі Қазақстанның барлық жеріне нұрын шашып, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы "егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын" дегенді білдіреді. Ту қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген. Ою-өрнек адамды залым күштерден сақтап, қорғайды деп есептелген. Бұл қазақ халқы мәдениетінің бір көрінісі.

Көк жүзінде нұрын шашқан күн сәулесінің, астында қанат қаққан қыранның, ою-өрнектің алтын түспен берілуі тыныштықты, берекелі өмір мен байлықты білдіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы

«Таңбасыз ел болмайды, Найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы.

Кез келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады. Мысалы, Қазақстан Президентінің жарлықтарында Елтаңба белгісі болады.

Сонымен қатар, Елтаңба мемлекеттік мөрлерде, ордендер мен алқаларда бейнеленеді. Қазақстан Елтаңбасын ақша белгілерінен де табуға болады.

Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудың түсіндей көгілдір түсті. Оның ортасында күн сәулесі шашып тұрғандай әсерде шаңырақтың суреті бейнеленген. Ежелгі бабаларымыз нышан ретінде шаңырақты құрметтеген.

Шаңырақ бейнесі Қазақстанда өмер сүріп жатқан халықтың Отаны бір, Қазақстан біздің ортақ үйіміз деген мағынаны білдіреді. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.

Шаңырақты уықтардың ұстап тұратыны сияқты, мемлекеттің болашағы бірлік пен татулықтан тұрады. Күн сәулесі – өмір мен жылулықтың көзі, барлық халықтардың достығын білдіреді.

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Оның қанаты көпұлтты Қазақстан халқының мықты әрі жан-жақты көркею мен қайсарлықтың ұғымын берген. Олардың екі жағынан орналасуы өз елін қорғау мен берілгендікті білдіреді. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді.

Мемлекеттік елтаңба бейнесінің тағы бір бөлігі бар, ол – бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыз – бейбітшілік, достық пен мәңгіліктің белгісі. Жұлдыз күн мен ай сияқты қазақтарда киелі деп есептеледі. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.