Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95 8 (7182) 54-58-47
Адрес: 140011, Павлодар қаласы, Естай көшесі 97,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жағдайында патриоттық тәрбиелеу

Балаларды патриоттық тәрбиелеу бірден-бір көкейкесті мәселе болып табылады. Сонымен қатар ол әлеуметтік бейімделудің біртұтас үрдісінің құрамдас бөлімін шешуге арналған, сәйкес тұрғыдан жаңадан келу мәселесін шешудің жаңа сипаттама айналады. Баланың мектеп жасына дейінгі кезеңінде негізгі рухани сапалық сипаттары қалыптасады. Осыған байланысты қазіргі заманғы мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтарының алдында мектеп жасына дейінгі балалардың бойына азаматтық-патриоттық сапапларды қалыптастыруға бағытталған, көкейсті педагогтік жүйені құру арқылы өзінің Отанына деген мақтанышыты және сүйіспеншілік сезімді, азаматтылықты балалардың бойында қалыптастыру міндеттері тұр. Балаларды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға бөгет жасайтын, көптеген мәселелер бар, атап айтқанда:

  • Білім беру үрдісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің жетіспеушілігі;
  • Білім беру мекемелерінің сақталған материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз жабдықталуы;
  • Балаларды патриоттық тәрбиелеуді насихаттау бойынша БАҚ (СМИ) қызығушылығының болмауы және басқалар.

Әдістемелік әдебиеттерде балаларды патриотық тәрбиелеу бойынша нақты мәселелерді толық ашатын құрылған жүйе жоқ және жекелеген тұстар ғана ашылған. Қазіргі қоғамдағы тұрақсыздықтың уақытында, біздің халқымыздың ғасырлар бойы сақталған, тамырын терең жайған ең жақсы дәстүрлеріне, мысала: Отан, туыстық, ру сияқты түсініктеріне қайтып оралу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты мектеп жасна дейінгі кезеңнен бастап, патриоттылық маңызды орын алатын, жоғары рухани және моральдық-психологиялық қасиеттерді балалардың бойына сіңіру қажет.

   Патриоттылық түсінігі көп қырлы. Бұл-Отанға арналағн сүйіспеншілік және сезімталдық. «отан» түсінігіне өмірдің барлық жақтары енеді: аумақ, аймақ, ауа райы, табиғат, қоғамдық өмірді ұйымдастыру, тілдің және тұрмыстың ерекшеліктері. Патриот болу-бұл адамның өзін-өзі Отанның бөлінбейтін бөлігі болып сезінуі. Бұл күрделі сезім балалық шақта пайда болады, айналаны қоршаған әлемге деген құндылық қарым-қатынастардың негізінде қаланады.

    Басқадай кез-келген сезімдер тәрізді, патриоттылықта жеке-дара келетін сезім. Ол адамның рухани жан дүниесімен, оның тереңдігімен тікелей байланысты. Сондықтан патриоттықтың негізінде рухани өзін-өзі белгілеу жатыр.

Біздің МДБББМ тәрбиелеу үрдісінде патриоттық тәрбиелеу мына төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Рухани-адамгершілік, әлеуметтік, эстетикалық, өлкелік, еңбек, интеллектуалдық, жұмыс және отбасы және басқадай.

Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін патриоттық тәрбиелеу бағдарламасы шеңберінде жүйелі түрде жұмыс істеу қажет. Осыдан кейін осы жұмыстар бойынша міндеттер кешені туындайды:

  • Баланың бойында өзінің отбасына, балалабақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, табиғатқа және барлық тіршілікке деген қамқорлық көзқарасты қалыптастыру;
  • Еңбек етуге арналған құрметті тәрбиелеу;
  • Ұлттық дәстүрлерге және салттарға арналған қызығушылықты дамыту;
  • Адамның құқықтары туралы қарапайым білімді қалыптастыру;
  • Қазақстанның қалалары туралы көзқарастарды кеңейту;
  • Балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (Елтаңба, Ту, Әнуран)
  • Жауапкершілік және еліміздің табыстары үшін мақтаныш сезімдерді дмыту;
  • Толеранттықты, басқа халықтарға, олардың дәстүрлеріне арналған құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Осы міндеттер балалар іс-әрекеттерінің барлық түрлерінде қамтылған: сабақтарда, ойындар ойнау барысында, еңбек етуде және кнділікті тұрмыста.

  Қазіргі заманғы қоғамның даму кезеңінде патриоттық сезімді тәрбиелеу МДБББМ Отанға деген сүйіспеншілікті, оның тарихи-мәдени мұраларына деген танымдық қызығушылықты дамытуға міндеттейді.

  Бұрыннан келе жатқан: «Өзінің өткенін білмейтін адам, ешнәрсе де білмейд» деген ескі нақыл бар. Өзінің шыққан түп-тамырын, өз халқының салт-дәстүрлерін білмейінше, өзінің ата-анасын, үйін, елін сүйетін, басқа халықтарға  құрметпен қарайтын толыққанды адамды тәрбиелеу мүмкін емес. Адамның азамат ретінде қалыптасуы оның кіші Отанынан басталуы қажет. Отанға деген сезім... Ол баланың бойында Отанға деген сезім отбасынан, өзіне ең жақын деген адамдарға арналған қарым-қатынастардан, атап айтқанда-анасына, әкесіне, атасына, әжесіне деген жылы көзқарастардан басталады. Бұл оны туған үйімен және айналасындағы қоршаған ортасымен байланыстыратын тамырлар болып табылады.

Отанға деген сезім оның таңқалуынан да басталады. Бірақ көптеген көңілге тоқулар әлі терең болмаса да, балаларды тәрбиелеу арқылы патриот жеке тұлғаны дамытудағы атқаратын рөлі үлкен.

Сәбилер және естияр топтарда біз ауызша шығармашылықтың барлық түрлерін кеңінен пайдаланамыз (ертегілер, әндер айту, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар және т.б)

Халық ауыз шығармашығы бойынша халықтық сипаттағы рухани құндылықтар сақталған, мысалы жаңашырлық, әдемілік, сұлулық, шындық, батылдық, еңбек сүйгіштік, адалдық сияқтылар. Біздің балабақшамызда осы бағыттар бойынша тәрбиеші-педагогтар Г.Б.Мукушева, Т.С.тулеутаева, Г.Қ. Базарбекова жұмыс істейді.

Балаларды жаңылтпаштармен, жұмбақтармен, мақал-мәтелдермен, ертегілермен таныстыра отырып, оларды жалпы адамгершілік құндылықтармен қарым-қатынастар жасауға үйретеміз. Халық ауыз шығармашылығы бойынша сөздер сөйлеу, музыкалық ырғақ ритмі, ән айту әуендері үйлесімділік тапқан. Мақал-мәтелдер және жаңылтпаштарда әртүрлі өмірлік бағыттар бағаланады, кемшіліктер анықталады және адамдардың жақсы міңез-құлықтарына мақтаулар айтылады. Халық шығармашылық еңбектерінде еңбек етуге арналған құрмет, адамның қолымен жасалған шеберлітерге мақтау айту ерекше орын алады.Осыларға байланысты, халық ауыз шығармашылығы патриоттық тәрбиенің бай әрі қайнар көзі болып табылады. Балалардың бойына туған өлкеге арналған сүйспеншілікті және қызығушылықты сіңіріп тәрбиелеу үшін айналаны қоршаған жақын ортаның алатын орны ерекше юолып саналады. Бала біртіндеп өзінің балабақшасымен, көшесімен, қаламен, одан кейін елімен, оның астанасымен және рәміздерімен танысады.

   Халық мәдениетіне балаларды жақындату барысында халықтық мерекелер және салт-дәстүрлер ерекше үлкен орын алады. Бұл жұмыстарды жүргізу барысында жыл мезгілдерне тән ерекше сипаттар, ауа райы, құстарды, жәндіктерді, өсімдіктерді, бақылау бойынша ғасырлар бойы жинақталған тәжірибелер пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл бақылаулар адамның қоғамдық өмірдегі алатын әртүрлі қырларымен және еңбекпен ерекше байланысты.

 Жасы үлкен жақын адамдардың ерекшеліктерінің де алатын орны маңызды болып саналады. Отбасы мүшелерінің: аталар мен әжелердің, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, олардың фронттағы және еңбектегі ерліктерінің нақты фактілері бойынша «Отан алдындағы қасиетті міндет», «Отанға деген сүйіспеншілік», «Дұшпанға деген өшпенділік», «Еңбек ерліктері» және т.б. маңызды ұғымдар балалардың бойына сіңіріледі. Біз өзіміздің Ұлы Отанымызды сүйгендіктен жауды жеңгенімізді балаларға түсіндіріп, бойларына сіңіру қажет екендігін, халықтың бақыты үшін жанын қиған, өмірін берген өзінің батырлары Отан әрқашан есте сақтайтынын айтып отырудың маңызы үлкен. Олардың есімдері қалаларға, көшелерге, аландарға берілген және ескерткіштер орнатылған.

Біздің МДБББМ ұжымы мектеп жасына дейінгі өзінің тәрбиеленушілерін Отанымыздың өткен ерліктерімен таныстыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. Даярлық және ересектер топтарының педагог-тәрбиешілері Ш.Б. Мақанова, С.К.Асайнова, А.М.Мергалимова, А.С.Батырханова және сайын балаларды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бойынша «Менің әкем-Отан қорғаушы» атты фото-көрме, «Біздің жерлеріміз-Ұлы Отан соғысының батырлары» атты сабақтар өткізу шараларын ұйымдастырады. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің фотогалереясы ұйымдастырылып ресімделді, сабақтар, әңгімелеулер, «Жеңіс күні» атты мерекелік ертеңгілік, жерлесіміз Ұлы Отан соғысының Батыры Қ.Камзиннің ескерткішіне гүл шоғын қою экскурсиясы өткізілді.

   Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміздің саны жылдан жылға азайы барады. Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесінде біздің тәрбиешіміздің әкесі Б.Галимзяновті қонаққа кездесуге шақырдық.

Балаларды патриоттық тәрбиелеу міндеттерін шешу барысында тәрбиеленушілердің отбасыларымен тығыз қарым-қатынас жасудың алатын орыны маңызды болып табылады. Тәрбиенушілердің ата-аналары балалар бақшасының өміріне өздерінің әртүрлі ойларымен белсене араласады. Оларды қатыстыра отырып біздің тәрбиешілеріміз: -суреттер, бұйымдар, «Түймелер әлемі», фотосуреттерінің көрмелері, «Менің отбасым», «Павлодар-біздің сүйікті қаламыз», «Біздің өлкеміздің табиғаты» атты тұсаукесер көрсетілді. Ал Халықтар бірлігінің мерекесіне арналып «Толеранттық гүлдері» атты конкурсы ұйымдастырылды. Ата-аналардың көмек көрсетулері немесе бірлескен іс-әрекеттер балалардың бойына мақтаныш сезімін ұялатады, баланың эмоциялық көңіл-күйін дамытуға ықпал жасайды. Балаларды патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмыстарбарлық бағыттарда жүзеге асырылуда: көркем әдебиеттермен және айналаны қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, музыка, бейнелеу өнерінде. Біздің тәрбиеленушілеріміз әртүрлі шығармашылық конкурстардың атап айтқанда: «Рауан», «Біз  әлемді суреттейміз» атты конкурстардың және «Үркер», «ПОНИ» зияткерлік олимпиадалардың қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады. Ұжымның, оның педагог-тәрбиешілерінің, ата-анлардың жүйелі, мақсатты бағытталған жұмыстарының нәтижесінде мектеп жасына дейінгі тәрбиенушілеріміз жауапкершілікті терең түсінетін, туған өлкені, оның тарихын салт-дәстүрлерін сезінетін, Отанын, өз халқының қол жеткен табыстарын құрметтейтін, өзінің отбасын сүйетін, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға әрқашан дайын белсенді адамдар болатынына сеніміміз үлкен.

 

Павлодар қаласы

«№9 сәбилер бақшасы» МҚКК

Әдіскері Ә.З.Худжанова