Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Триумфтің тұлпарлары анықталды
Триумфтің тұлпарлары анықталды

Таяуда 13 мамыр  № 5 жалпы орта білім беру мектебінде Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімі мен «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы»  МҚКК ұйымдастыруымен «Триумф» формалдық емес шығармашылық бірлестігінің ақтық мәресі өтті. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын ынталандыру, оқушыларды әртүрлі өнерге баулу, мектеп оқушылары арасында формалдық емес қозғалысты қолдау мақсатында өткізілген іс – шара үш бағытта жүзеге асырылды: брейк – дэнс, бит – бокс және рэп.

Алғашқы бағыт бойынша №23 ЖОМ үздіктер сапында жоғары тұғырдан көріне білді. Бит – бокс бағыты Нұрмағанбетов Нариман (№ 42 орта мектебі), ал рэп бағытында Есентай Жеңіс ( №5 орта мектебі) 1 орынды қанжығаларына байлады.

«Триумф» Павлодар қаласының мектептерінде алғаш рет өткізілген болатын. Осыған қарамастан қатысуға ниет білдіргендердің саны көңіл қуантарлық. Бұл жоба келер жылдары дәстүрле айналып, мектеп оқушылары арасында кең нассихатталады, - деді сөз соңында Азаматтық құқық бағыты бойынша педагог – ұйымдастырушы  Ж.Н. Жұмабаев.