Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпаның алдын алу»
«Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпаның алдын алу»

 

Тұмау - жұқпалы ауру, ол дене қызуының көтерілуімен, қысқа мерзімді қалтырауымен, ағзаның уыттануымен және жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемей қабығының кабынуымен сипатталады.

Қазақстан халқының жалпы аурушаңдығы ішінде жіті респираторлық жұқпалар мен тұмау аурушаңдығы бірінші орында тұр. Аурушаңдық кеңінен таралады, лап беру және індет түрінде байқалып, тұрғындардың аурушаңдыққа бейімді бірқатар тобын қамтиды, ол елеулі әлеуметтік және медициналық проблемалар тудыруы мүмкін. Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалардың үлесі барлық жұқпалы аурушаңдықтың 90-95% құрайды. Тұмаудың тез таралуына, оның жасырын кезеңінің қысқалығы, ауа-тамшы арқылы жұғуы, қабылдау қасиетінің жоғары болуы, сондай-ак, халықтың әлеуметтік жағдайы да ықпал етеді.

Науқас адам жұқпаның көзі мен сақталу қоры болып табылады. Вирус қоршаған ортаға сөйлегенде, жылағанда, жөтелгенде және түшкіргенде сілекей, қақырык арқылы таралады. Сондай-ақ, тұрмыстық жолмен, яғни вирус жұққан күнделікті пайдаланатын заттар арқылы да жұғу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

Адамдар үшін тұмау аурушаңдығы көптеген асқынуларымен қауіпті. Ауыр және асқынған түрлері барлық адамдарға тән, бірақта көбінесе балалар, егде адамдар, өкпе және жүрек-қан тамыры жүесінің созылмалы түрімен ауыратын адамдарда жиі тіркеледі.

Тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпалы аурушаңдықтан сақтану үшін алдағы індеттік кезеңге дер кезінде әзір болған жөн.
Жалпы тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалы аурушаңдықтың алдын алу бойынша негізгі 2 әдісі белгілі, олар спецификалық және спецификалық емес.
Спецификалық әдіске екпе егу жатады, ол тұмаудың алдын алу әдісінің ең негізгісі болып есептеледі. Адамның ағзасына жұқпа агентінің бөлігін енгізу арқылы ағзаны қорғаныс денелерін (антиденелер) бөліп шығаруға ықпал етеді, соның нәтижесінде вирустардың көбеюі мен жасушалардың зақымдалуы төмендей түседі.
Қазақстан Республикасында тұмауға қарсы екпелер ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етілген және тіркелген екпелермен жасалады.

Уақытында жасалаған егудің тиімділігі, спецификалық емес дәрі-дәрмектерге қарағанда екі есе жоғары, сондай-ақ, кері әсердің жиілігінің төмендігімен ерекшеленеді.

Спецификалық емес әдістерге, иммундық жүйенің қызметін қалыптастыруға араналған дәрі-дәрмектер мен емшаралар жатады.
Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалы аурушаңдықтың алдын алу үшін, сондай-ақ, аурудың алғашқы белгілері біліне бастаған кезде, келесі қарапайым ұсыныстарды орындау керек:

  1. Аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау;
  2. Науқас адамды жеке бөлмеге оқшаулау:
  3. Науқас адамды күтуші және қарым-қатынаста болатын тұлғалар (тек ауруханада ғана емес, үйде де) төрт қабатты бетперде киюі керек;
  4. Науқас адамның жеке ыдысы, күнделікті қолданылатын заттары, төсек жабдықтары болуы қажет;
  5. Бөлмені жиі желдетіп, күнделікті ылғалды жинау жүргізген жөн;
  6. Тұмаудың алғашқы белгілері біліне бастағаннан соң, төсек тәртібін сақтап, жылы дәрумендік сусындарды: итмұрынның тұнбасын, қара және қызыл қарақаттан, құлпынайдан, таңқұрайдан жасалған сусындар, лимонмен шәй ішу керек;
  7. Тұмау індеті кезінде мәдени - бұқаралық іс-шараларға, кинотеатрларға: клубтарға, кітапханаларға, денешыңықтыру залдарына баруды шектеу керек;
  8. Аурушаңдықтың алдын алу және жұқпаның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп және мектеп алды мекемелеріне науқас баланы жібермеу үшін, ата-аналар балаларының денсаулығын күнделікті мұқият қадағалап отыруы тиіс, мектепке барар алдында дене қызуын өлшеп, ал ағзаның уыттануы немесе жоғарғы тыныс алу жолдарының кабынуы, дене қызуының көтерілуі байқалған жағдайда, баланы үйде қалтырып, дәрігерді үйге шақыру керек;
  9. Қолды жиі сабындап жуу керек, өйткені вирус есіктің тұтқасы, күнделікті қолданылатын заттар арқылы, науқас адамнан сау адамның қолына жұғып, мұрын, ауыз қуысы, көз арқылы ағзаға түсүі мүмкін;
  10. Аурушаңдықтың деңгейі күрт көтерілген кезеңде, сау адамдар 0,25% оксалин майын үйден далаға шығар алдында күніне 2-3 рет қолдану керек;
  11. Тұмау аурушаңдығының алдын алу мақсатында, лекоцитарлық интерферонды 0,25 мл. немесе танаудың әр құысына шашыратқыш аркылы 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет тамызу керек:

Қорытындылай келе айтарым, кез-келген респираторлық жұқпалы аурушаңдық науқас адамның тек өзіне ғана емес, оны қоршаған адамдардың да денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді, сондықтан оны емдеп, жазғаннан көрі, оның алдын алу әлдеқайда жеңіл және тиімді!

Денсаулықтарыңыз мықты болсын!