Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қысқы кезеңде балалардың тамақтануы
Қысқы кезеңде балалардың тамақтануы

 

 

Қысқы кезеңде баланың дұрыс тамақтануын ұйымдастырудың өз ерекшеліктері бар. Төмен ауа температурасы бала ағзасына ерекше әсер етеді. Бәрінен бұрын, бұл жылуды көп бөлу, яғни ағза көп қуат шығындайды, ол зат алмасудың барлық түрлеріне зор ықпал етеді. Өсіп келе жатқан қуат шығындарының орнын толтыру мақсатында бірінші кезекте тағам құрамында ақуызды көбейту керек. Бала күн сайын ет және балық, сүт тағамдарымен сонымен қатар сүзбемен қоректенуі қажет. Қышқыл сүт тағамдары, жеңіл қортылатын белок ерекше пайдалы, ал ең маңыздысы – ішек құрылысының микрофлора құрамына жағымды ықпал етеді және осылай бала денсаулығының жағдайын қалыпты жағдайда ұстайды. Қысқы кезеңде бала суық тиіп, тыныс алу жолдарының және басқа да жұқпалы аурулармен жиі ауырады, нәтижесінде ауырып жүргендермен қарым-қатынас қана емес, денесінің салқындауы оның ауруға қарсы күресуін төмендетеді. Баланың ауруға төзімділігі көбінесе оның ағзасының дәрумендерге бай болуынан байқалады. Аскорбин қышқылы, В, А тобының дәрумендерінің, сонымен қатар А дәрумені құралатын каротиннің рөлі өте ерекше жоғары. Сондықтан балаға берілетін азық құрамына мақсатты түрде күнделікті дәрумендерге өте бай азық-түліктер қосу керек: балғын көкөніс пен жемістер, аскөктер. Қысқы уақытта көкөніс пен жемістер ұзақ сақталатындықтан дәрумендер құрамы тез төмендейді. Сондықтан балаларға көкөніс пен жемістерге қоса дәрумендерге бай өнеркәсіп өндірісінің сусын, жеміс-жидек шырындарын берген жөн. Қазіргі заманғы технологиялардың арқасында дәрумендердің сақталуы кепілденген тез мұздатылған азық-түліктерді пайдалануға болады.