Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Мектеп алды дайындығында балалармен төмендегі ойындарды жүргізүге болады

 

«Қай әріпті жоғалттым ?»

Бұл ойын әліппені өткен уақытта, дыбыс пен әріп: дауысты, дауыссыз дыбыстар, жуан және жіңішке дыбыстар тақырыптарын өткен кезінде пайдаланылады.

Ойынға сөз ішінде 1 әріпті қалдырып кеткен (жағалтқан) бірнеше карточкалар жасалынады. Карточкалардың суреттегі заттың атын білдіруге арналған түрі төмендегідей болады

«Қай буынды жоғалттым?» ойыны

Бұл ойын әліппені үйрету кезеңінде және буын тақырыбын өткенде сөздерді буынға дұрыс бөле білуге төселдіру үшін қолданылады.

Бұл ойында бір буынды қалдырылып кеткен сөз карточкалары жасалады.

Бос торды толтыр» ойыны

Тор көздердің ішіне керекті әріптерді қойып, сөздер құрау ойыны оқушыларды тапқырлыққа, ойлау білуге, өз беттерімен жұмыс жасай алуға баулиды.

 

«Қызықты тор көз» ойыны

Бұл ойын оқушыларды іздемпаздыққа, тапқырлыққа біліктіліктерін қалыптастырады. Ойынды барлық сыныптарда күрделендіре түсіріп жүргізуге болады.

«Артығын тап» ойыны.

Бұл ойын арқылы оқушылар заттар арасынан артығын тауып үйренеді. Ойлау қабілеттері арта түседі. Аналитакалық дағдылар қалыптаса бастайды.

1) доп, қуыршақ, қалам, пирамида

2) алма, жүзім, алмұрт, қияр

3) Әлия, Мұрат, Азада, Гүлбаршын

4) машина, автобус, велосипед, трамвай

5) Кітап, қамам, терезе, оқулық.

Зейінге құрылатын ойын.

Дидактикалық мақсат. 1 – ден 20-ға дейін, 20-дан 1-ге дейін санауды пысықтау.

Құрал – жабдық. Бірінші ондық сандары суреттердің көмегімен белгіленген карточкалар.

Мазмұны. ( 1 вариант) Мұғалім магнит тақтаға суреті бар карточкаларды кезекпен іліп қояды да, суреттің саны қанша, санаңдар – дейді. Сонан кейін мұғалім допты бір оқушыға қарай лақтырады да, қолымен солдан оңға қарай белгі береді: допты ұстаған оқушы белгіленген санды айтады да, сол саннан бастап 20-ға дейін санап шығады. Егер мұғалім қолымен оңнан солға қарай белгі берсе, оқушы санауды 20-дан бастап көрсетілген санға дейін санап шығады. Санау мұғалімнің белгі беруімен тоқтатылады. Мұғалім басқа карточканы алып қояды да, ойын алдыңғыдай жолмен жалғастырылады.

2 вариант. Мұғалім санды атайды да, допты лақтырады, оқушы келесі санды не алдыңғы санды (мұғалімнің сұрағына орай) атайды.

«Кім тапқыр?»

Мақсаты: берілген дыбыстың орнына таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балалады зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып, жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым – қатынасты тәрбиелеу.

Көрнекілігі: берілген дыбысқа арнап салынған түрлі -түсті суреттер, ойыншықтар, жалаулар.

Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс сөздің басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса қызыл жалаушаны жоғары көтереді.

Мысалы: Самат, сағыз, тіс, сиыр, қасық.

«Буынға буын қос»

Мақсаты: басталған буынға буын қосып сөз құрастырып айта білуге шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.

Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар

Ойынның шарты: Балалармен жеке-жеке немесе екі топқа бөліп, өткізуге болады.

Тәрбиеші сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тез аяқтайды.

Мысалы: Ау – (ла). Сә – (біз). Қа – (лам).

«Шатыспақ» ойыны

мақсаты: өтілген дыбыстарды қайталап пысықтау.

Ойын шарты: әріптер қалтасына әріптер ретсіз салынады.

Мысал: СОНА (С, А, О, Н), АЛМА (Л, А, М, А) және сол сияқты шатасқан әріптерді ретімен қойғанда шыққан «СОНА» сөзін буынға бөлгізіп, онда екі буын бар екенін айтқызу.