Сальмонеллез – бұл жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы, көп жағдайларда азық-түлік арқылы беріліп, асқазан-ішек жолдарының зақымдануы арқылы сипатталады. Біздің облыста жыл сайын 150-ден 200-ге дейін оқиғалар тіркеледі.
Сальмонеллез жұқпасын қоршаған ортада өмірге бейімділіктері жоғары бактериялар қоздырады:
- тезек пен саңғырықтарда, нәжістерде сальмонеллалар 4 жылға дейін сақталуы мүмкін (!);
- ашық су қоймаларында және ауыз суда олар 11-ден 120 күнге дейін өмірге бейімділік қабілеттерін сақтайды;
- ет және шұжық өнімдерінде 60-130 күн;
- тоңазытқыштағы сүтте 20 күнге дейін;
- сарымайда 120 күнге дейін;
- жұмыртқа және сырда 13 айға дейін.
Сүтте, ет фаршында, жұмыртқа ұнтағында сальмонеллалар өмірге бейімділігін сақтай отырып, көбеюі де мүмкін. Сальмонельлез жұқпасының бактериялары төмен температурада ғана өмірге бейімді. Бірақ 50°С-тен 100°С аралығында жойылады.
Инфекцияның негізгі көзі - ауыл шаруашылық жануарлары мен құстар, сальмонеллезбен ауру адамдар және бактерия таратушылар болып табылады.
Инфекцияны тасымалдайтын негізгі факторларға әртүрлі тағам өнімдері ( мал, құс еттері, балық, устрица, теңіз шаяны, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағы, сүт және сүт тағамдары ), көкөністер мен жемістер, кремді өнімдер жатады. Су ауруды жиі тасымалдаушы факторлардың бірі болуы мүмкін.
Аурудың клиникасы: инкубациялық мерзімі – қоздырғыштың адам ағзасына түскен уақыттан бастап клиникалық көрсеткіштерге дейінгі аралық бірнеше сағаттан 3 күнге дейін жетуі мүмкін. Ауру негізінде жіті басталады, бастапқы кезеңде улану (интоксикация) : әлсіздік, бас ауруы, 39°С-қа дейін дене қызуы көтеріліп, тоңып қалтырау сияқты белгілер болады. Тәуліктен кейін аурудың қозу уақыты басталады, осы кезеңде тәбет төмендеп, лоқсу, құсу, нәжі сұйықтанып, патологиялық қосындалармен бірге жасыл түсті болуын байқауға болады.
Сальмонеллезбен науқастанғандарды емдеу арнайы кешенді дәрі-дәрмектерді қолдана отырып жүзеге асырылады.
Ет өңдейтін кәсіпорындарда, кондитер цехтарында, сауда кәсіпорындарында және қоғамдық тамақтану орындарында технологиялық процесстерді қатаң сақтау сальмонеллез ауруының алдын алудағы маңызды шаралардың бірі болып табылады. Күнделікті тұрмыста әр адам жеке бас гигиенасын және тамақты дайындаудың (кондитерлік, кулинарлық өнімдердің, салаттардың ) ережесін, дайын өнімдерді пайдалану мерзімі мен сақтау мерзімін қатаң қадалай отырып, сальмонеллез ауруының алдын ала алады.
Сальмонеллез инфекциясының алдын алуда тамақ өнімдерінің термиялық өңдеу ережелерін сақтау аса маңызды, әсіресе ет, сүт және құс өнімдерін, сонымен қатар кулинарлық, кондитерлік, сүт өнімдері, тез бұзылатын тағамдар (салаттар, окрошка және т.б.).
Көкөністер, жемістерді пайдаланар алдында таза ағынды сумен мұқият жуу аса маңызды. Белгісіз су қоймаларынан, әсіресе ашық су қоймаларынан суды пайдалануға болмайды.
Осы ережелерді есте сақтау сальмонеллез инфекциясының алдын алудағы маңызды шаралар болып табылады.
Сальмонеллез ауруы және оның алдын алу шаралары
