Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Балаңыз қандай мультфильм көреді?
Балаңыз қандай мультфильм көреді?

Мультипликациялық фильмдер көңіл көтерерлік қана емес, сонымен бірге, балаларға арналған тәрбиелеуші және жаттықтырушы сипаттағы материал болып табылады.

Жаңа мультфильмдерді таңдағанда кейбір маңызды мәселелерді де ұмытпай, мұқият болу керек.

·         Мектеп жасындағы балаларға теледидар алдында ұзақ уақыт отыруға болмайды. Сондықтан мультипликациялық фильмдер қысқа сериялардан тұрса, (ұзақтығы 4-5 минут) керемет болар еді.

·         Көзіне артық салмақ түсірмеу үшін суреттері анық болу керек.

·         Алғашқы мультипликациялық фильмдердің сюжеті қарапайым болсын. Ал ертегі кейіпкерлерінің әрекеттер уәжі жас көрерменге түсінікті болу керек.

·         Экранда көрсетілгендердің барлығы адамгершілік сипатта(жақсылық) болу қажет. Баланың психикасына кері әсер ететін агрессиялы мазмұнда болмасын.

·         Дамытушы мазмұндағы материалдардың рөлі екі есе артық. Бала кейіпкердің қимылына мұқият назар салып отырады (достарымен сыпайы қарым-қатынаста болуды, түстерді ажырата білуді үйренеді).

·         Әрекет етуші кейіпкерлерді шатастырмас үшін кейіпкерлер саны 5-6 кейіпкермен шектелу керек.

Жоғарыдағы талаптарды ескере келе, қазіргі мультфильдерді дүниеге келтіргенде аниматорлардың бұл талаптарды ескере бермейтіндіктері аңғарылады.
Арнайы кітап дүкендерінде дамытушы мазмұндағы материалдар көптеп сатылып жатыр (CD-диск түрінде). Оның кейіпкерлері арқылы балаңыз санауды, түстерді, геометриялық фигураларды ажырата білуді, музыкалық аспапта ойнауды үйренеді. Кейбір мамандықтармен, кейбір көлік түрлерімен танысады. Қиын сәттерде бір-біріне көмекке келіп отырады және мейірімді болуды үйренеді. Осы сипаттағы мультипликациялық фильмдер қатарына «Патрик және оның достары» (өте кішкентайларға арналған) жатады. Оның басты кейіпкерлері – жылы шырайлы Патрик атты ит, сүйкімді қонжықтар, көңілді аңдар, Ми-Ми атты кішкентай мысық, Вейн атты ұл мен Джулия атты қыз. Барлық кейіпкерлердің әрекеттері сәби санасына түсінікті.