Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ұтымды тамақтану
Ұтымды тамақтану

       Ұтымды тамақтану дегеніміз дұрыс, саналы, пайдалы тамақтану. Денсаулық көбінесе адамның немен және қалай тамақтануына байланысты болады. Санасыз тамақтану көптеген аурулардың дамуына себепші болады. Үнемі артық тамақтау, қоректік заттарды артығымен қабылдау көптеген ауруларды, мысалы семіру және сусамыр ауруларына соқтырады. Олар асқорыту мүшелерінің, жүректің, бауырдың, бүйректің зақымдануына және басқа ауруларға қарсылығын төмендетеді.

            «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» демекші, тамақтануда сабырлылық көрсету жалпы мәдениеттің белгісі болып есептелінеді. Күшті қалпына келтіру үшін ғана тамақтану керек.

            Тәбеті шауып ішкен тамақ қана адамға өте пайдалы және зиянды өнімдерден тұрады. Азық-түліктің құрамына белок , май, көмірқышқыл, су, минералдытұз, витаминдер енеді. Тамақ жақсы қорытылуы үшін біртіндеп, алғашқы да салат пен сұйық сорпа ішуден бастау керек. Артық мөлшердегі тұз, қант, ащы заттар, қуырылған тамақтар және т.б денсаулыққа зиян. Тәтті, кофе, шай, газды сусындарын көп мөлшерде қабылдамауға тырыс. Бұл сені асқазан, аллергия және басқа аурулардан қорғайды.

            Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидетер, витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Функ ойлап тапқан. Ол күріш дәнінің сыртындағы қабықшасын ағзаға қажетті деп есептеп, «вита» сөзі (өмір) мен «амин» сөзін қосып, витамин деп атаған.

            А витамині- сәбіз, алмада болады. Көздің көруін жақсартады.

            В витамині – ұйқыны жақсартады,көңіл-күйді жақсартады.

            С витамині тістеріміз мықты, әдемі болып өседі.

Витаминдер бәрімізге де, әсіресе жас организмге аса қажет.