Сенім телефоны
8(7182)64-27-51 87051403594
email: sad8@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов көш. 22
87182-64-27-51 87182-64-27-52
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Сенсорика (ЕКІ ЖАСТАН БАСТАП ҮШ ЖАСҚА ДЕЙІНГІ I СӘБИЛЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН)

Сенсорика

Мақсаты: заттардың ерекше қасиеті ретінде түсті, көлемді, пішінді атап көрсете білуге тәрбиелеу, осы қасиеттерді немесе сапаларды меңгерту.

Міндеттері:

1. Балаларды заттардың сенсорлық қасиетгеріне зейіндерін аударуға үйрету, біркелкі нысаналардың көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаудың қарапайым жолдарын қалыптастыру.

2. Балалардың өздеріне жақсы таныс нысаналардың ерекшеліктерін жеткізе алуы үшін заттардың белгілерін өз еріктерімен қолдануларын бекіту.

3. Зат құралдарымен әрекет жасауларын, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Мазмұны:

Заттық әрекет

Зат құралдарын қолдануларын үйретуді жалғастыру. Арнайы су толтырылған немесе суы жоқ ыдыстардан шарларды, жүзіп жүрген ойыншықтарды қармақпен аулау үшін ауды, ожауды қолдануды ұсыну. Еңбек құралына ұқсайтын ойыншықтарды қолдану Өз әркеттерінде зат құралдарды балалармен тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында өз еріктерімен ойын және тұрмыстық әрекеттерде қолдануларын мадақтау. Қол мен саусақ ұштарының қимылдары және сенсомоторлық кеңістіктік «көз - қол» үйлесімділігін дамыту.

Балаларды біркелкі заттарды сенсорлық белгілері бойынша (көлем, пішін, түс) топтастыруға, ауызша нұсқау (үлкен, кіші, осындай, осындай емес) мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауға үйрету.

Балаларды негізгі 8 түс (қызыл, қызыл сары, сары, жасыл, көк, күлгін, қара, ақ), 5 пішін (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақша,), түрлі көлем (үлкен, кіші) бойынша заттарды топтастыруға үйрету.

Балалар жылдың басында көлемі (үлкен - кіші), пішіні (шаршы - дөңгелек, үшбұрыш - сопақша және т.б.), түсі (қызыл - көк, сары - қара, қызыл сары -күлгін және т.б.) бойынша көзге бірден түсетін біркелкі заттарды, содан соң заттардың көлемі, пішіні (дөңгелек - сопақша, тік төртбұрыш - шаршы), түсі (қызыл - қызыл сары, көк - күлгін) бойынша бір-біріне ұқсайтындарын топтастыруға үйрету.

Сенсорлық қасиетті анықтауға арналған тапсырмалар ұсыну: саңырауқұлақ түсі мен үстелдің түсін; 5 геометриялық пішінді ұяларға сәйкестендіру. Қасиеттері жағынан ұқсас және әртүрлі заттарды салыстыру. Екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бойынша заттарды таңдауды жүзеге асыруды үйрету.

Заттың 2-3 қасиеттеріне бір мезгілде бағдарлану арқылы алдымен бір түсті, кейіннен әр түсті 4-5 және одан да көп сақиналардан тұратын пирамидаларды өлшемі жағынан кему ретімен орналастырып жинау әрекеттерін мадақтау; 3 бір түсті біртіндеп кішірейетін алмалы-салмалы бөлшектерден (куб, конус, цилиндр) тұратын мұнара құрастыру.

3 және біртіндеп саны азаятын бөлшектерден түрлі-түсті (қызыл, жасыл, көк, сары, қызыл сары, күлгін және т.б.) пирамида құрастыру, заттың көлемін, түсі мен пішінін білдіретін сөздерді түсінуді бекіту.

Екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным бойынша пирамиданы жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар құрастыруға үйрету.

Жыл соңында әртекті заттарды түсі, түрі, көлемі бойынша салыстыра келе, 3-4 сенсорлық қасиетті таңдай отырып, сәйкестендіре білуді бекіту.

Бейнелеу өнері, құрастыру әрекеті түрлерінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруге, заттар мен құбылыстардың сенсорлық қасиеті мен сапасын вариативті түрде қолдана білуге үйрету.

Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:

- сенсорлық белгілері бойынша біркелкі заттарды топтастыруды;

- 8 негізгі түсті заттарды топтастыруды;

- екі түрлі заттан белгілі бір қасиеті бар затты таңдауды;

- 3 және саны біртіндеп азаятын бөлшектерден түрлі түсті (қызыл, жасыл, көк, сары, қызыл сары, күлгін және т.б.) пирамида құрастыруды;

- екі қасиеті кезектесіп отыратын (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен түсі және т.б.) ұстаным бойынша пирамида жинауды; алмалы-салмалы 2-3 геометриялық пішіндерден тұратын түрі мен түсі әртүрлі мұнаралар құрастыруды;

- 3-4 сенсорлық қасиеті бар заттарды таңдауды, түсі, түрі, көлемі бойынша сәйкестендіруді;

- іс-әрекеттер әр түрінде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескере білуі тиіс.