Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Психологиялық тәжірибе
Психологиялық тәжірибе

Психологиялық тәжірибе

Өзіңізге билік жүргізуді үйреніңіз

Өзіңді меңгеруді үйреніңіз,

барлық нәрсеге жақсы бастау іздеңіз.

Қиын тағдырмен тойтарысқа түскенмен,

басынан бастай алуға үйреніңіз.

Сүрінсеңде, өзің тұр,

Өз-өзіңнен сүйеніш ізде.

Тау басына жылдам шыққанда

Жолда достарыңды жоғалтпа.

Жаман болма, у шашпа

Басқаның басына түскен жамандыққа қуанба.

Бәрінен жақсы іздеңіз,

Көбінесе бар жігермен

Жанындағы жандардан.

                        Психотерапевт Ю.Мерзляков

Қымбатты ата-аналар!

Өз-өзіне билік жүргізу – үлкен өнер. Осы өнерге баланы үйрету үшін, ең алдымен өздеріңіз меңгергеніңіз жөн. Өлең жолдарына назар қойып тағы да оқыңыз. Автордың кеңесін жетекшілікке алып: бізге қарайды, бізден бала үйренеді.

Балам менің туған

Бала да, үлкендер сияқты қателеседі. Айғай мен түрткілеу баланы шошытады, бірденені істеуге құштарлығын жояды. Балаңызды қателік жасаймын деген қорқыныш сезімінен қорықпауға үйретіңіз. Ізденіске итермелеп, қатерге барудың алдында ойлануды үйретіңіз. Сөзбен де іспен де қолдаңыз. Балаңыз өзіне бірнеше қасиеттерді құрастырсын, жақсы мен жаманға. Айтылғанды талқылаңыз. Баланың жақсы жақтарын бөліп айтыңыз. Кішкене жамандықты сенің көп жақсы қасиетін жеңіп, жояды деп түсіндіріңіз. Балаңызға кез-келген адам бейнесінен жақсыны көруге үйретіңіз.

Бүгінгі күнде балаңыз қандай.

Баланың қабілеттері

(жалғасы)

Америкалық психолог-дәрігер Д. Гауэннің ата-аналарға балаларының ойлау қабілетінің дамуы мен бақытты бала денсаулығына арналған кеңестері.

Балаңызға, жақсы жағдай, қауіпсіз психологиялық орын құрыңыз, балаңыз өзінің ашқандарынан қорыққанда осы орынға келетіндей етіңіз.

Балаңыздың шығармашылық қабілеттерін қолдап, өткен жеңілістеріне түсінісушілікпен қараңыз.

Қызық идея – ойларына сабырлықпен қараңыз, білгіштік пен ізденіс – сұранушылықты құрметтеңіз. Қойған неше түрлі сұрақтарының бәріне жауап беруге тырысыңыз.

Балаңызды жалғыз қалдырыңыз, балаңыздың қалауымен араласпай жәйіне қалдырыңыз. Тым асыра қараушылық шығармашылық дамуға кедергі болу мүмкін.

Балаңызға көмектесіңіз:

Құндылықтарының жүйесін салуға үйретіңіз. Ол өзін құрметтеп, басқалардың алдында сыйлы болады

Адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға (қауіпсіздік сезімі, махаббат, өзіне, өзгеге сыйлаушылық сезімі)

Өкініш пен күмәндәнумен күресуге, әсіресе жалғыз түсінбейтін жастастарының шығармашылық ізденісінде

Өз бейнесіндегі шығармашлықты бағалауға

Өзін терең білуге, ешбір ойды жіберіп алмау үшін

Қорықпай басын тәуекелге тігуге үйрену, «саналы – авантюрлік» болуды үйрету.

Өз балаңыздың жаңа бастауларын қолдауға әрдайым сөз табыңыз.

Кейбір сұрақтарға бірден, беркелкі жауап жарамайтынын түсіндіріңіз. Ол үшін уақыт қажет, ал бала жақтан – сабырлық.

Шығармашылыққа тежеуіштен алшақтатып, өзімен қатар жасты балалардың жаман әсерінен айырыңыз.

Балаңызға өзіне ұқсас жастас серік табыңыз.

Жалғыздыққа бейімдетпей, басқалармен араласуға итермелеңіз.

Балаларды дамытатын қасиеттер:

Өз-өзіне сенушілік, өзін бағалауға керек;

Өзінің және қоршаған ортадағы жетістік пен жетіспеушілігін түсіну;

Интеллектуалды жан-жақтылық пен ізденіс қатері;

Жақсылықты сыйлау, шыншылдық пен достастық, түсінушілік пен сабырлық, жан жігерлікті сыйлау;

Өз күшіне сену, өз істегенін мойнымен көтері әдеті;

Өзімен қатар, үлкен адам, әлеуметтік-экономикалық, білім беру деңгей адамдарымен тіл табысуға үйрету.

Құрметті ата – аналар!

Сіз дарынды балалардың тәрбиесі мен ерекшеліктерін табуға арналған кепілдемемен таныстыңыз.

Балаңыздың қай облыста болмасын дарыды екенін байқасаңыз, тағдырға жанынан өтіп кетуіне жол бермеңіз: мамандарға барыңыз, психологқа, кітапқа, шығармашылық қабілеті даму үшін бар ақпаратпен қоршаңыз. Дарыны бар бала деп қарамай, балаңызды қандай да болса, сондай кейіпте қабылдаңыз. Дарынды дара жеке адам бейнесіне  өсіп, жетістіктері мақтанышқа айналады. Ал адам өсіп келе жатқанда – оны  жан-жақты қолдап, көмектесіңіз, жақсы қасиеттер туралы айтып, бағалы адам қасиеттен түсіндіріп, қоғамға керек адам өсіріңіз. Дарынды бала басқа балалармен бірдей, тек қана айырмашылығы – ол бір белгілі қасетте жақсы дамыған.