Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: ул. Радищева,2
608115, 608100, 605888
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник, четверг - с 15.00-18.00 часов.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата-бабаларымыз тұрған, енді сол жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, Отансыз да өмір сүре алмайды. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген қазақ мақалы осыны дәлелдейді.

Қазақстан – көп ғасырлық тарихы мен мәдениеті бар мемлекет. Бұл жерде қазақ халқы ерте заманнан бері өмір сүріп келеді. Қазақтар мал бағып, егіншілікпен шұғылданып, жаулардан өз жерін қорғады. Атақты ақын-жыраулар қазақ жерінің сұлулығы мен халықтың батырлығын жырлады.

Бүгінгі Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Бірақ осы күнге жету үшін біздің халқымыз қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткізді. Қаншама жылдар бойы Қазақстан тәуелсіздік алуға тырысты.

1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік суверенитет туралы Декларация қабылданды. Суверенитет «тәуелсіздік» дегенді білдіреді. 1991 жылы 16 желтоқсанда елімізде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Ата Заң қабылданды. Сол уақыттан бері 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып жарияланды.

Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілімен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады. Бұл басқа тілдер маңызды емес дегенді білдірмейді. Біздің еліміздің әрбір азаматы қарым-қатынас жасайтын тілін өзі таңдай алады. Себебі Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бұл 16 миллионға жуық адам. Мемлекет Қазақстан халықтарына олардың салт-дәстүрлері мен тілдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.