Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: ул. Радищева,2
608115, 608100, 605888
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник, четверг - с 15.00-18.00 часов.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Мемлекеттің рәміздері
Мемлекеттің рәміздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттің рәміздері

Әрбір адам өз халқын, өз Отанын, өз мемлекетін құрметтеуге, мақтаныш тұтуға міндетті. Ал азаматтарға өздерінің бірлігі мен біртұтастығын сезінуде мемлекеттік рәміздер көмектеседі. Рәміздербір мемлекетті басқа мемлекеттен айырып тұратын белгілер.

Шындығында, рәміздер ерте заманда, тіпті мемлекет болмаған кезде, тайпалық, рулық қауымның тұсында да таңбалар түрінде болған. Таңбалар – бұлар адамдар тобы үшін белгілі бір мағынасы, маңызы бар белгілер, суреттер, сөздер. Ал рәміздер – сондай таңбалардың бірігуі.

Ту, елтаңба, белгілер көп ғасырлар бұрын пайда болған. Олар ел байлығын, тәуелсіздікті, адамдардың іс-әрекеттерін, экономикалық өмірді, қалалар мен мемлекеттердің тарихи ерлік беттерін бейнелеген. Мемлекет рәміздері маңызды ғимараттар алдында және қалаға кіре беріс қақпларда ілінген.

Әрбір елде өзінің көп ғасырлық тарихымен байланысты рәміздерінің міндетті түрде болуы ХХ ғасырда дәстүрге айналды. Осы уақыттан бастап, мемлекеттің рәміздері заң арқылы бекітілді. Бұлар мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн.

Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын тұсы осы. Мемлекеттік рәміздерді сыйламау – мемлекетті, халықты, оның тарихы мен мәдениетін сыйламау деген сөз.